Трамп Иранға қатысты «Ұлттық төтенше жағдай» бұйрығын созды
Қар 09, 2018 17:07 Asia/Almaty
АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні ИИР-на қатысты «Ұлттық төтенше жағдай» шешімнің күшін бір жылға ұзартты.
Иран телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша жыл сайын ұзартылып келе жатқан бұл шешімге бірінші рет 1979-шы жылдың қараша айының 15 күні сол кездегі АҚШ Президенті қол қойған.
Бұл шешім АҚШ Президентіне Иранның мүлкі мен қаржыларын тәркілеуге рұқсат береді. Осы уақытқа дейін Америка ИИР-ның миллиардтаған долларын заңсыз түрде тәркіледі.
АҚШ-тың Қаржы министрі Стивен Мнучин жақын арада Иран банктерінің халықаралық SWIFT жүйесінен толығымен қатынастарын үзетінін хабарлады.
Тегтер