Амано: Иран өзінің ядролық міндеттемелеріне берік
(last modified Sat, 10 Nov 2018 10:28:46 GMT )
Қар 10, 2018 16:28 Asia/Almaty
  • Амано: Иран өзінің ядролық міндеттемелеріне берік

Атом Қуаты Халықаралық агенттігінің (АҚХА) бас хатшысы Иран Ислам Республикасының "Ортақ қадам" бағдарламасына берік болғанын тағы растады.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Юкия Амано жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші отырысында жариялаған мәлімдемесінде Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына сәйкес міндеттемелерін жүзеге асырып жатқанын айтты.

АҚХА-ның бас хатшысы бұл ұйымның Иранның "Ортақ қадам" келісімі негізіндегі өзінің ядролық міндеттемелерін жүзеге асыруын тексеріп, бақылауды жалғастыратынын, сол себепті Иранның да өз міндеттемелерін толық жүзеге асыруды жалғастыруы қажеттігін қуаттады.

АҚХА осы уақытқа дейін өзінің 12 есебінде Иранның "Ортақ қадамға" беріктігін растады.