Трамп пен Макрон эр-Риядтан Хашоғджидің өліміне қатысты түсініктеме беруді талап етті
https://itolqyn.com/news/world-i39859
АҚШ пен Франция басшылары Сауд Арабиясының саудиялық сыншы, тілші Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты толық түсініктеме беруі қажеттігін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 12, 2018 09:32 Asia/Almaty

АҚШ пен Франция басшылары Сауд Арабиясының саудиялық сыншы, тілші Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты толық түсініктеме беруі қажеттігін мәлімдеді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Эммануэль Макрон мен Дональд Трамп сенбі күні Елисей сарайында өткізген екіжақты кездесуде өздерінің одақтасы  эр-Риядтың әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп, бұл істің аймақтың одан ары тұрақсыздануына себеп болмауы тиістігін ескертті

АҚШ Президенті Иранға қарсы әрекеттері мен сөздерінің жалғасында өзінің француз әріптесімен кездесуінде жаңа келісімнің жасалуын қалайтынын білдірді. Оның айтуынша, бұл келісім Теһранның ядролық қаруға қол жеткізбейтіндігіне  кепіл болады. Дональд Трамп, сондай-ақ, Макронмен кездесуде Франция Президентінің еуропалық армия құру туралы ұсынысын қорлық деп атады.

Эммануэль Макрон ұсынысын қуаттап, бұл армияның Еуропаның әскери қуаты мен тәуелсіздігін нығайту мақсатында құрылатынын айтты.