Иранның Ауғанстандағы елшілігі америкалық институттың есебін теріске шығарды
Иранның Кабулдағы елшілігі Вашингтонның Таяу Шығысты зерттеу институтының Иранның "Фатемилер армиясының" қалыптасуы, белсендік жасауы және болашағында ойнайтын рөлі жайлы есепті қарама-қайшылық пен бұлыңғырлыққа толы деп атап, оны теріске шығарды.
Ауғанстандық сарбаздардан тұратын Фатемилер армиясы өзінің жеке және діни көзқарастарына байланысты хазірет Зейнептің (с.) кесенесін лаңкестік шабуылдардан қорғау үшін Сирияда жүр. Олар осы күнге дейін Ауғанстан мен аймақтың ешбір жерінде теріс әрекет жасамады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ауғанстандағы елшілігі сенбі күнгі бір мәлімдемесінде: "Вашингтонның Таяу Шығысты зерттеу институты есебінің әртүрлі бөлімдерінде Ауғанстанда Ираннан үркіту жобасын кеңірек таратуға қасақана талпыныс жасалған",-деді.
Бұл мәлімдемеде Вашингтонның Таяу Шығысты зерттеу институтының негізсіз, атүсті жасалған есебінде тағылған айыптар теріске шығарылып: "Аймақтан тыс орналасқан жамандық тілеушілердің Иран мен Ауғанстан үкіметтері мен халықтары арасындағы ізгі қарым-қатынасты бұзуға бағытталған мақсаттары ешқашан орындалмайды",-деп жазылған.