Иран Арабстанның адам құқығы туралы негізсіз сөздеріне жауап берді
БҰҰ-дағы Сауд Арабиясының өкілі Абдолла әл-Муаллеми БҰҰ Бас асамблеясының үшінші комитетінің жуырда адам құқықтары тақырыбында өткен отырысында Иранға қарсы негізсіз сөйледі.
Рияд Йеменде адами апат қалыптастырып, саудиялық сыншы, журналист Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты оқиғаларға байланысты өз қылмыстарына жауап беруі тиіс жағдайда Сауд Арабиясының өкілі адам құқықтары жайлы Иранға қарсы уәж айтты.
БҰҰ Бас асамблеясының үшінші комитетіндегі Иран өкілі саудиялық өкілдің негізсіз сөздеріне жауап беріп: "Сауд Арабиясы сәл де болса әдепке ие болғанда, үнсіздік танытып, Ирандағы адам құқығы жайлы мәселе көтермеген болар еді",- деді.
БҰҰ Бас асамблеясының үшінші комитетіндегі Иранның өкілі сондай-ақ, Сауд Арабиясының Батыс Азия аймағындағы демократия үшін кез келген үмітті жойғанын айтып: "Адам құқығы мен демократия – жемқор саудиялық басшылардың ең үлкен дұшпандары. Сондықтан оқушылар отырған автобусты нысанаға алған Сауд үкіметі ДАИШ-ты еске түсіреді",- деді.
Саудиялық қылмыскерлер АҚШ-тың қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бастап Йеменге әскери шабуыл жасап, елді құрлық, әуе және теңізден қоршауға алып, 14 000-нан астам бейбіт тұрғынның қаза болып, ондаған мың адамның жарақат алып, миллиондаған йемендіктің босқынға айналуына себеп болды.
Сауд Арабиясының Йеменге жасаған басқыншылығы 1949 жылғы Женева конвенцияларына сәйкес, халықаралық гуманитарлық заңдарды әшкере түрде бұзу, адамзат баласына қарсы және соғыс қылмыстары саналады. Бұл басқыншылық халықаралық заңмен қудалап, жазалауды қажет етеді. БҰҰ Бас асамблеясының үшінші комитетіндегі Иранның өкілі айтып өткендей, арабстандық вахаббизм – әл-Каида, Талибан, ДАИШ пен әлемдегі басқа да лаңкестік топтарды қоректендіруші күш.
Араб әлемндегі саяси мәселелер сарапшысы Абдулбари әл-Атван Rai Al Youm газетіндегі мақаласында: "АҚШ Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарының сыбайласы ретінде араб және батыс ақпарат құралдарының Сауд Арабиясын сынауға кедергі жасап отыр",- деп жазды. Бұл ел Сауд Арабиясына құны 20 миллиард долларды құрайтын дамыған қару-жарақ берді. Сауд Арабиясының озбыр әрі соғысқұмар билеушілерінің шынайы болмысы қылмыс, бала өлтіру, аймақта тынышсыздық орнтау мен ислам әлемін бөлшектеу үшін негіз жасау болып табылады. Сауд Арабиясы өзінің адамзат баласына қарсы заңсыз әрекеттерімен шын мәнінде халықаралық қауымдастықта орнаған принциптерге қауіп төндіріп отыр.
БҰҰ Жарғысының 2-бабының 1-тармағында: "Барлық мүшелер өздерінің халықаралық қарым-қатынастарында күш көрсету арқылы қоқан-лоққы жасау немесе кез келген елдің территориялық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолдану немесе БҰҰ-ның мақсаттарына қайшы басқа кез келген әдісті қолданудан бас тартады",- деп жазылған.
Алайда Сауд Арабиясының үкіметі БҰҰ-ның бұл принциптері мен негіздері мен басқа да халықаралық заңдарға берік емес. Осындай өткеніне байланысты Сауд Арабиясының Иранға қарсы адам құқықтары жөнінде айтқан уәждері ащы мысқылға ұқсас.