АҚШ пен одақтастарының Қауіпсіздік кеңесінде атқан жебелері тасқа тиді
Франция мен Британияның сұрауымен сейсенбі күні өткен Қауіпсіздік кеңесінің Иран туралы жабық отырысы еш нәтижеге жетпей аяқталды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Франция мен Британия дүйсенбі күні Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап, Иранның зымырандық сынағы туралы тақырыпты талқылау үшін Кеңестің жабық отырысын өткізуді сұрады.
БҰҰ-дағы Кувейттің тұрақты өкілі Мансур әл-Атаиби отырыстан кейін журналистерге берген сұхбатта Иранның зымырандық сынағына қатысты Қауіпсіздік кеңес мүшелері арасында ортақ ұстаным жоқ екендігін мәлімдеді.
БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Никки Хейли аталмыш отырыстан бұрын Қауіпсіздік кеңесінен Иранның зымырандық сынағын айыптауды талап еткен болатын.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео де өткен сенбі күні «ИИР көптеген оқтұмсықтарды тасымаладй алатын баллистикалық орта қашықтықты зымыранды сынақтан өткізді»,- деп уәжденген болатын.