Трамптың ақпарат құралдарымен жауластығы толастамай отыр
Жел 16, 2018 14:40 Asia/Almaty
АҚШ Президенті сенбі күні осы елдің ақпарат құралдарын тағы сынға алды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: «Ешқашан елдің тарихында ақпарат құралдары осыншалықты екіжүзді әрекет еткен емес»,‑деп жазды.
АҚШ Президенті осы жазбада америкалық ақпарат құралдарын қаралап, нашар ақпарат таратуға бейім деп айыптады.
Дональд Трамп билік басына келгеннен бері америкалық телеарналар, газеттер мен тілшілерді жалған ақпарат таратумен айыптап, бірнеше рет телеарналардың, соның ішінде CNN арнасы тілшілерімен сөзге келген болатын.
Ақпарат құралдарын сынау – Трамптың Twitter‑дегі басты жолдамаларының бірі.
Тегтер