Еуроодақ сионистік режимнің палестиналық мектептерді қиратуына алаңдаушылық білдірді
(last modified Thu, 20 Dec 2018 09:29:02 GMT )
Жел 20, 2018 15:29 Asia/Almaty
  • Еуроодақ сионистік режимнің палестиналық мектептерді қиратуына алаңдаушылық білдірді

Еуроодақ сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде сионистік режимнің палестиналық мектептерді қиратуына алаңдаушылық білдірді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуроодақтың басып алынған жерлердегі өкілі осы мәлімдемеде 5 желтоқсанда Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл‑Халил қаласының оңтүстігінде орналасқан «әт‑Тахди 13» мектебінің қиратылғанына тоқталып: «Сионистер 2018 жылы осымен бесінші рет Иордан өзенінің батыс жағалауындағы мектеп немесе балабақшаны қиратып, ғимаратын тәркілеуге бұйрық беріп отыр»,‑деді.

Еуроодақтың басып алынған жерлердегі өкілі Израильдің осы күнге дейін Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауында кемінде 50 мектепті қиратқанына немесе жапқанына тоқталып, бұл өңірлерде палестиналық мектептердің қиратылуы немесе жабылуының 5 мыңнан астам палестиналық баланың оқуына әсер еткенін айтты.

Бұдан бұрын, 20 қарашада палестиналық балаларды қолдауға арналған халықаралық бейресми ұйым бір есебінде сионистік режимнің 2018 жылдың басынан бері 54 палестиналық баланы өлтіріп, 900 баланы қамауға алғанын хабарлаған болатын.  

 

Тегтер