Интерпол ДАИШ-тың лаңкестік әрекеттерінің екінші толқынына қатысты ескерту жасады
(last modified Fri, 21 Dec 2018 16:12:19 GMT )
Жел 21, 2018 22:12 Asia/Almaty
  • Интерпол ДАИШ-тың лаңкестік әрекеттерінің екінші толқынына қатысты ескерту жасады

АҚШ пен Еуропаның әрекеттеріне көз жүгіртсек, батыстықтардың соңғы жылдары лаңкестіктің етек жаюына септігін тигізіп, бұл бүлдіргі құбылыспен күресте екіұшты әрекет танытқанын көрсетіп отыр. Тәкфирлік лаңкестіктің етек жаюының, әсіресе соңғы жылдары ДАИШ секілді лаңкестік топтардың пайда болуы мен олардың қылмыстық әрекеттерінің ең маңызды факторларына АҚШ пен Еуропаның лаңкестікке қарсы екіұшты әдісі жатады.

Батыстықтар мен олардың араб одақтастары 2011 жылы Сирияда дағдарыс басталған соң өз мақсаттарына жету үшін әсірешіл лаңкестермен күресудің орнына ДАИШ пен басқа лаңкестік топтарға қолдау көрсетті. Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Иван Иполитовтың айтуынша, АҚШ-тың соңғы жылдардағы мақсаты өзінің сыртқы саясатын ілгерілету үшін лаңкестік пен әсірешілдікті құрал ретінде пайдалану болғанын, соның салдарынан Таяу Шығыс аймағы елдері әлсіреп, лаңкестік пен әсірешілдіктің дамуы үшін қолайлы негіз жасалған. Бұл көзқарас кейбір батыс сарапшыларының пікірлеріне де сәйкес.

ДАИШ батыстықтар мен олардың араб одақтастарының қолдауының арқасында Франция мен АҚШ секілді өзіне қолдау көрсетуші елдерде айтарлықтай күш жинап, лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырған болатын. Мұның алдында олардың осындай істі жүзеге асыруы мүмкін болмаған. ДАИШ мүшелерінің соңғы жылдары Батыс елдеріне үсті-үстіне жалғасқан лаңкестік шабуылдарына байланысты қазіргі таңда еуропалықтар мен америкалықтар өздерінің Таяу Шығыстағы саясаттарының сазайын тартып отыр.

Сонымен қатар, ДАИШ шабуылдарының екінші толқынының пайда болу ықтималы батыстың қауіпсіздік ұйымдары мен Қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы Интерполдың алаңдаушылығын тудырып отыр. Интерпол ДАИШ ықпал орнатқан аймақтарда, атап айтқанда Сирия мен Ирактың басым бөлігінде жеңіліс табуына қарамастан, бұл лаңкестік топтың әлемнің көптеген аймақтарында, әсіресе Еуропада лаңкестік әрекеттерінің екінші толқынына қатысты ескерту жасады. Интерполдың бас хатшысы Юрген Сток: "Әлемдегі көптеген мемлекеттер ДАИШ лаңкестігінің екінші толқынына ұшырауы мүмкін. Бұл екінші толқынды "ДАИШ-2" деп атауға болады.

Бұл мәселенің себебі мынада: айыпталған лаңкестердің қамқоршыларының басым бөлігі тек аз ғана уақыт абақтыға қамалған. Себебі, олар лаңкестік шабуыл жасағаны үшін айыпталмаған. Сол себепті бұл адамдар алдағы бірнеше жылдың ішінде босатылып, олардың басым бөлігі қайтадан қоғамға қосылмақ. Осылайша олардың лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыру ықтималы артуда",- деді.

Интерполдың бас хатшысының көзқарасына сәйкес, түрмелер адамдарды әсірешілдікке жақындата түсетін мекен. Сонымен қатар, ДАИШ-тың жақтастары мен оның мүшелері Таяу Шығыста жеңілгенімен, Оңтүстік-шығыс Азия немесе Африка секілді басқа аймақтарда қайта іске кірісуге талпыныс жасайтын болады. Сондай-ақ, ДАИШ мүшелерінің әлі де Еуропада лаңкестік шабуылдар жасайтын мүмкіндігі бар екенін ұмытпаған жөн. Мұның алдында да Еуропа елінің басшылары ДАИШ-тың дағдарысты аймақтарда жеңіліс тапқаны үшін олардың Еуропада лаңкестік шабуыл жасау қаупі жайлы ескерту жасаған болатын.

Осылайша, әлемнің, әсіресе Еуропаның бірнеше жыл қатарынан негізгі көрінісі ДАИШ саналатын «тәкфрилік лаңкестік» атты қатерлі құбылыспен бетпе-бет келуі ықтимал. Бұл батыстықтардың лаңкестікке қатысты екіұшты критерийлері үшін және ДАИШ-ке қолдау көрсеткендіктен қазіргі қауіпті жағдайға негізгі кінәлі болған жағдайда орын алып отыр.

 

 

 

 

Тегтер