Помпео Ялда түнін Иран халқына қарсы пайдаланды
(last modified Sat, 22 Dec 2018 10:20:01 GMT )
Жел 22, 2018 16:20 Asia/Almaty
  • Помпео Ялда түнін Иран халқына қарсы пайдаланды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Ялда түнін сылтауратып, Иранның ұлы ақыны Низами Гянджавидың өлеңін Иранға қарсы пайдаланды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы жұма күні Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иран халқын Ялда түнімен құттықтау арқылы АҚШ санкцияларының салдарынан Иран халқының басына түскен экономикалық қиындықтарды зорайтып көрсетіп, үмітсіздік тудыруға талпыныс жасап: "Үмітсіздіктің өзінде көп үміт бар, қара түннің соңынан жарқырап күн шығады" деп парсы әдебиетінің ұлы ақыны Низами жырлағандай, мен де ирандықтар үшін экономикалық өркендеу тілеймін",- деп жазды.

"Мұнафеқин" тобының басшылары секілді парсы тілдес кеңесшілері бар Помпео Иранға қарсы санкция салуды қолдаушылардың бірі. Ол барлық мүмкіндікті пайдаланып, Иран халқына экономикалық қысым көрсету арқылы бұл елде тынышсыздық пен бейберекеттік тудыруға бар күшін салып жатқанын бірнеше рет мәлімдеген болатын.