Ресей мен Қытай Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Ақп 06, 2016 21:26 Asia/Almaty
Ресей мен Қытай Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбатта Сирия дағдарысын тоқтату үшін шешім жолын табуды тездету керектігін қуаттады.
Қытай Сыртқы істер министрі Ван И мен оның ресейлік әріптесі Сергей Лавров сенбі күні екі елдің ең маңызды мәселелеріне шолу жасаумен қоса, Сирияның ішкі ісіне бөгделердің араласуын тоқтату қажеттілігін қуаттады.
Ван И мен Лавров Сирия дағдарысын шешудің және осы елдің халқын соғыс жағдайынан құтқарудың жалғыз жолын саяси шешім жолы деп атады.
Қытай мен Ресей Сыртқы істер министрлері сондай- ақ Солтүстік Кореяның атомдық істеріне қатысты соңғы өзгерістер жөнінде де ой бөлісті.
Тегтер