Еуроодақ уәделерін іске асырмай, тек қайталаумен шектелді
2008-ші жылдың мамыр айының 8 күні АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін еуропалық мемлекеттер Иранның экономикалық мүдделеріне кепіл болып, келісімді сақтап қалуға уәделескен болатын.
Еуроодақ бірнеше ай бұрын АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларымен қарсыласып, Иранмен экономикалық ынтымақтастығын жалғастыру үшін SPV деген арнайы қаржы жүйесін құратынын жариялады. Бірақ, еуропалық мемлекеттер осы күнге дейін іске аспаған уәделерін қайталап келеді. Еуроодақтың мұндай әрекеттері көптеген сұрақ пен түсінбеушілікке себеп болды.
Бельгия мен Еуроодақтағы Иранның елшісі Пейман Саадат сейсенбі күні Еуроодақ пен еуропалық елдерге хат жолдап, бұл мәселеге қатысты ескерту жасап: «Иран басшылары АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына сабырлы, әрі жауапкершілікке ие қатынас танытты. Бірақ, Иранның ұстамдылығы ұлттық мүдделерге негізделді. Иранның бүгін көріп отырған шығыны елдің ұстамдылығын қорғайтындай деңгейде емес. Иранның сабыр сақтауын бұл ел қандай шығын көрсе де, келісімнен шықпайды деп сараптау қате. Иран осы кезге дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына толығымен табанды болып, барлық санкцияларға қарамастан жеткілікті мөлшерде бұл елге сенім артуға болатынын көрсетті. Иран Еуропаның геополитикалық мүдделеріне трансаймақтық және Батыс Азия аймағының негіздері бойынша қарайды. Бірақ, Еуропа да бұл аймақтағы қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтарға немқұрайдылық танытпауы керек. Еуропаның іс жүзінде әрекет жасамуының өтемі болады әрі Иранның сабырының таусылып, сенімінің жоғалуына себеп болуы мүмкін. Мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тығырыққа тірелуіне байланысты алаңдаймын»,-деп жазды.
Бұл хаттың жариялануымен бір мезгілде Еуроодақтың Сыртқы саясатының басшысы Федерика Могерини «Livemint» торабына берген сұхбатында: «Біз, еуропалықтар, шетелдік бір елдің, тіпті ең жақын дос ел немесе одақтастың біздің басқа елмен заңды сауда қарым-қатынас орнатуымызға қатысты шешім қабылдауымен келіспейміз»,- деді.
Алайда, Еуропа өзінің стратегиялық мүдделері үшін инвестиция салуға қаншалықты дайын деген сұрақ туады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін тек саяси мәлімдеме жариялаумен шектелуге болмайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын құтқару үшін іс жүзінде әрекет жасау қажет.
Мәселе екі жақ үшін де анық. Еуроодақ Ираннан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болуды сұрады. Иран осы уақытқа дейін өз міндеттемелеріне табанды болды. Бұл тақырып Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 13 мәлімдемесімен расталды. Бірақ, Иран қазір АҚШ-тың экономикалық және психологиялық заңсыз қысымдарымен бетпе-бет келіп отыр. 28 мемлекет мүше болып кіретін Еуроодақ тіпті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз мүдделерін қорғау үшін тіпті Могерини айтқан уәждер бойынша да ешбір әсерлі әрекет жасаған жоқ. Еуроодақ өз уәделерін жүзеге асырудың орнына келісімді бұзған жаққа, яғни АҚШ-қа қарап отыр. Мұндай жағдайда бұзылған келісімді жалғастыру кімнің мүддесіне? Иранның ба, әлде Еуропаның ба? Еуропаның іске асырылмайтын саяси мәлімдемелерінің Иран үшін еш пайдасы жоқ. Қазіргі жағдайдың жалғасуы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзған тарап үшін пайдалы, оған табанды тарап үшін пайдасыз келісімге айналдырды.