Трамп өз саясатының Иранды әлсіреткені туралы уәж айтты
АҚШ Президенті сәрсенбі күні күлкілі сөз айтып, өз саясатының ИИР билігінің әлсіреуіне себеп болғанын айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп тағы да жұртты алдарқатуға бағытталған сөзінде: «Егер Иран басшылары қаласа, олармен келіссөз жүргізуге дайынмын»,-деді.
Трамп осыдан бұрын АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуының Иранның қатынасы өзгеріп, аймақтық белсенділіктерінің азаюына себеп болғанын айтқан болатын.
Трамптың Иранның аймақтық белсенділіктерінің бәсеңдеп, солғындай түскені туралы күлкілі сөздері ИИР басшыларының аймақтағы ықпалды, құдіретті әрі тұрақтылық қалыптастыру елдердің бірі ретінде жапа шеккендерге көмектесіп, дағдарыспен күресіп, лаңкестікпен соғысып жатқан елдер көмек сұраған жағдайда әрдайым оларға жәрдемдесуге асығатынын, принципті позицияларынан бір сәтке де кері шегінбейтінін жариялаған жағдайда айтылып отыр.