Сирия күрдтері Трамптың Иранға қатысты уәжін теріске шығарды
Сирия күрдтері АҚШ президентінің Иранға мұнай сату туралы жуырда айтқан уәжін теріске шығарды.
Fars ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, "Сирия демократиялық күштері" атты коалицияның сыртқы қарым-қатынас бөлімінің басшысы Ридур Халил АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға мұнай сату туралы уәжін теріске шығарып: "Сирия күрдтерінің Иранмен ортақ шекарасы жоқ. Сирияның солтүстігінің бір тамшы мұнайы да Иранға сатылған жоқ", - деді.
АҚШ президенті өткен сәрсенбі күні Үкімет мүшелерінің алдында Сирия күрдтерінің Иранға мұнай сатып жатқаны туралы уәж айтқан болатын.
Трамптың бұл уәждері АҚШ-тың 2014 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің келісімінен тыс, лаңкестікпен күрес уәжімен заңсыз коалиция құрып, Сирияның заңды үкіметін құлатуда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін жуырда америкалық күштерді бұл елден шығаруға шешім қабылдаған жағдайда айтылды.