Иран мен еуропалық мемлекеттер байсалдырақ келіссөз өткізуі керек
(last modified Wed, 16 Jan 2019 11:54:48 GMT )
Қаң 16, 2019 17:54 Asia/Almaty
  • Иран мен еуропалық мемлекеттер байсалдырақ келіссөз өткізуі керек

Иран мен еуропалық мемлекеттер қарым-қатынастарының келешегін талқылау үшін байсалдырақ келіссөз өткізуі керек.

Иранның Сыртқы қатынастар стратегиялық кеңесінің төрағасы Сейед Камал Харрази сейсенбі күні халықаралық дау-дамай жөніндегі норвегиялық NOREF ғылыми орталығының делегациясымен Теһранда кездесуінде АҚШ  Президенті Дональд Трамптың Еуропаға қатысты саясатын қатерлі деп атады. Харрази Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығуы мен бұл істің аймақ пен Еуропаның қауіпсіздігіне қатысты салдарының еуропалық үкіметтер үшін тиімсіз болатынын айтып: "Теһран АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан  шыққаннан кейін Еуропа одағынан ядролық келісімнің бір тарабы ретінде  іс жүзінде шара қолдануды күтті. Бірақ, олар осы уақытқа дейін Вашингтонның қысымымен еш әрекет жасай алған жоқ. Бұл өз міндеттемелеріне берік болған ирандықтар үшін жаман әсер қалдырды" ,- деді.

Еуроодақ бұл мәселе бойынша белгілі бір шешім қабылдай алмайтын сыңайлы. Еуропа бір жағынан аймақтық ойыншы ретінде өз рөлін атқаруға талпыныс жасап жатыр. Бірақ, сонымен қатар өзінің сыртқы саясатының негізі ретінде АҚШ-пен арадағы трансатлантикалық қарым-қатынасын да сақтауға мәжбүр.

Норвегиялық NOREF ғылыми орталығының директоры Иранның сыртқы қатынастар стратегиясы кеңесінің басшысымен кездесуінде бұл мәселені растады. Ол АҚШ-тың еуропалық компанияларға қатты қысым көрсетуіне сілтеме жасап, еуропалық мемлекеттердің  ішкі қиындықтары еуропалық үкіметтердің саясаттарына теріс әсер етіп жатқанын айтты.

Бірақ, Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты шешім қабылдауды кешіктіруін былай сараптауға болмайды. Өйткені, келісім бір жақты түрде бұзылған жағдайда әлемдік қауымдастық реакция көрсетуі керек. АҚШ-тың аталмыш келісімнен біржақты түрде шығуы халықаралық құндылықтар мен Қауіпсіздік кеңесінің  қарарын бұзу болып табылады. Бұл біржақты әрекет Еуроодақтың әлемдік рөлін дағдарысқа тіреді. Өйткені, бұл Одақ ядролық келісімнің нәтижеге жетуінде маңызды рөл атқарды.

"Лоблог" институты Еуроодаққа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының бұзылу салдары туралы ескерту жасап: "Еуропа Иран мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы тақырыбын сыртқы саясат пен қауіпсіздікке атсалысудың үлгісі санайды. Еуропа бұл келісімге қол қойылғаннан кейін өзінің әлемдік ойыншы ретіндегі рөлін нығайтуға талпыыс жасады. Иранның ядролық келісімі еуропалықтарға АҚШ-қа бағынса, тәуелсіздігінен айрылатынын көрсетті",- деп жазды.

Еуроодақ Иранмен ынтымақтастық жасайтын еуропалық банктер мен компанияларды АҚШ-тың санкцияларынан қорғау үшін көп талпыныс жасағанымен күткен нәтижеге жетпеді. Еуроодақ Брюссель мен Вашингтонның мүдделері мен құндылықтарының қайшылығын қабылдап,  өзінің саяси және қаржы саласындағы тәуелсіздігін сақтауға талпыныс жасауы керек. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бұзылатын болса, Иранның жалғыз ұтылушы болмайтыны анық.