АҚШ Press TV арнасының тележүргізушісін қамауға алуы арқылы адам құқығын тағы бұзды
АҚШ әрдайым өзін адам құқығы мен бостандықтарының ең негізгі демеушісі таныстырып, басқа елдерді үнемі адам құқығын бұзады деп айыптайды. Бұған қарамастан Адам құқығын қорғау ұйымдарының мәліметі бойынша, АҚШ әлемде адам құқығын бұзатын ең ірі ел саналады.
АҚШ адам құқығын тағы бұзып, Press TV арнасының тележүргізушісі, тілші Марзия Хашемиге адамгершілікке жат әрекет көрсетіп, қамауға алынды. Өзінің жанұясы және науқас інісімен кездесу үшін АҚШ-қа барған тегі америкалық тележүргізуші жанұясымен телефон арқылы сұхбатта қамауға алушылардың оған құрметсіздік көрсетіп, хиджабын шештіргенін айтты.
АҚШ тілші әрі тележүргізушіні қамауға алған жағдайда осы елдің Мемлекеттік департаменті әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында сөз бостандығын АҚШ Конституциясында жазылған ең қастерлі әрі маңызды бостандықтардың бірі деп атап, АҚШ-та сөз бостандығының маңызы мен құндылығы жоғары деп уәж айтқан болатын.
Бұған қарамастан, АҚШ үкіметі Марзия Хашемидің бұл елге сапарын теріс пайдаланып, оны заңсыз қамауға алумен қоса, осы еркін ойлы сыншы әрі тележүргізушіге нашар қатынас көрсетіп, абақтыға қамап, қолына кісен салған.
Марзия Хашеми АҚШ-тың Колорадо штатында "Мелани Франклин" деген атпен дүниеге келді. Ол ақпарат саласында білім алып, жас кезінде Иран Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейнидің ерлігіне тәнті болып, мұсылман дінін қабылдап, Иранға көшіп келген. Ол жылдар бойы Press TV телеарнасында қызмет істеп, АҚШ-тың адамгершілікке жат зорлықшыл саясатын сынаған.
«Шекарасыз репортерлер» ұйымы жаңа жылдық есебінде АҚШ-ты тілшілерге қауіпті әлемдегі алтыншы ел деп атағаннан бір айға жуық уақыт өткенде Марзия Хашеми қамауға алынды.
Америкалық сарапшы Брос Диксон Press TV телеарнасына: "АҚШ-тағы сөз бостандығы – тек ұран ғана. Ол сақталмайды. Өйткені, Обама үкіметі әрдайым сын айтатын тілшілерді қудалады. Тіпті, олардың кейбіреуін соттады. АҚШ-тың қазіргі Президенті Дональд Трамптың үкіметі де осы елдің бұрынғы үкіметінің тілшілерге қатысты тәсілін жалғастырып келеді",-деді.
Марзия Хашемиді заңсыз қамауға алып, оған адамшылыққа жатпайтын қатынас көрсету АҚШ үкіметінің адам құқығына қарсы болмысын айқын көрсетті. Дональд Трамп билікке келгеннен бастап нәсілшілдік және исламмен жауласу ұрандарын ашық түрде айтып, адам құқығы ережелеріне көңіл бөлмеуді қуаттап отыр.
АҚШ үкіметінің адам құқығын сақтау, жеке, қоғамдық және азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қорғау саласындағы ұрандарына қарамастан, бұл үкіметтің жергілікті тұрғындар, азшылықтар мен қара нәсілділермен қатынасы, сотталғандардың жағдайы, жеке кеңістікке қол сұғу және басқа да көптеген мәселелердегі қатынасы Вашингтонның адам құқығын қорғау саласындағы уәждерінің жалған екенін көрсетеді.