Трамп Иранның ғарыш бағдарламасы туралы уәж айтты
https://itolqyn.com/news/world-i40910
АҚШ Президенті Иранның ғарыш бағдарламасы туралы уәждерінде оны құрлықаралық баллистикалық зымыран жасау аясындағы бағдарлама деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 18, 2019 18:46 Asia/Almaty
  • Трамп Иранның ғарыш бағдарламасы туралы уәж айтты

АҚШ Президенті Иранның ғарыш бағдарламасы туралы уәждерінде оны құрлықаралық баллистикалық зымыран жасау аясындағы бағдарлама деп атады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні осы елдің Қорғаныс министрлігінің ғимаратында АҚШ-тың зымырандық бағдарламасын қайта қарау құжатының тұсаукесер рәсімінде Иран ғарышқа жерсерік тасушы зымыран ұшыруда сәтсіздікке ұшырағаны туралы уәж айтып: "Егер бұл шара сәтсіз болмағанда маңызды ақпарат Иранның ықтиярына берілер еді. Иран осы мағлұматтарды құрлықаралық баллистикалық зымырандар жасау үшін пайдаланар еді",-деді.

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммад Джавад Азари Джахроми өткен сейсенбіде: "Жерсерік тасушы зымыран екі кезеңнен сәтті өтіп, үшінші кезеңде жеткілікті жылдамдыққа жете алмағандықтан "Пайам" жерсерігі орбитаға орналасқан жоқ",-деді.