Ресей Сирияға 200 мың тонна бидай сатады
https://itolqyn.com/news/world-i40935-Ресей_Сирияға_200_мың_тонна_бидай_сатады
Ресей Сириямен жасаған сауда келісімі аясында ай сайын бұл елге 200 мың тонна бидай сататын болады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 20, 2019 17:35 Asia/Almaty
  • Ресей Сирияға 200 мың тонна бидай сатады

Ресей Сириямен жасаған сауда келісімі аясында ай сайын бұл елге 200 мың тонна бидай сататын болады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның бидай саудасы мемлекеттік ұйымының басшысы Юсеф Қасым сенбі күні "РИА Новости" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Сирия алдағы айдан бастап Ресейден бидай сатып алатынын мәлімдеді.

Сирия 2011 жылы елде дағдарыс басталғаннан бұрын жылына 4 млн тоннадан астам бидай өндіретін, бірақ бұл көлем соңғы жылдары қатты төмендеп кетті.

Сирия бидайды Ресейден несиеге алды. Келісімге сәйкес, бидайдың әрбір тоннасының құны – 311 доллар.