Иран мен Украина мәдени ынтымақтастықтарын арттыруға мүдделік танытты
Иранның Украинадағы елшісі екіжақты мәдени ынтымақтастықтарды арттыруды қолдады.
Иранның Украинадағы елшісі Манучеһр Моради Вернадский атындағы Ұлттық кітапханының бас директоры Любовь Дубровинамен кездесіп, мәдени ынтымақтастықтарды арттыру жайлы сұхбаттасып, пікір алмасты.
Иранның Украинадағы елшісі Вернадский атындағы Ұлттық кітапханаға келгеніне қуаныш білдіріп, ИИР-ның Украинамен мәдени әріптестіктерін, әсіресе екі ел кітапханалары арасындағы ынтымақтастықтар мен өзара әрекеттестіктерді арттыру қажеттігін қуаттады.
Моради сондай-ақ, Вернадский атындағы кітапханадағы Иран және парсы тіліне арналған бөлімді аралап, Иранның Украинадағы елшілігінің осы кітапханадағы парсы тіліндегі кітаптар мен дереккөздерді байытуға әзір екенін мәлімдеді.
Украинаның Ұлттық кітапханасы 1918 жылы салынған. 1988 жылы кітапханаға Вернадскийдің есімі берілген.