Марзия Һашеми АҚШ-та ақидасы үшін тұтқындалғанын айтты
(last modified Fri, 25 Jan 2019 08:05:58 GMT )
Қаң 25, 2019 14:05 Asia/Almaty
  • Марзия Һашеми АҚШ-та ақидасы үшін тұтқындалғанын айтты

Press TV арнасының тілшісі әрі тележүргізушісі Марзия Һашеми АҚШ-та оны ақидасы үшін тұтқындағанын айтты.

Press TV арнасының тілшісі әрі тележүргізушісі Марзия Һашеми The Associated Press агенттігіне берген сұхбатында тұтқындалуының себебін өзінің ақидасы деп атады. Марзия Һашеми Трамптың «АҚШ-ты қайта жандандыру» ұранына тоқталып: «Бұл ұранның мағынасы не екенін түсінбедім. Бірақ, егер мақсаты адамдарды күннен күнге құқығынан көбірек айыру болса, менің ойымша, бұл АҚШ-тың айбынына себеп  болмайды. Мен шындыққа, шындықты айғайлап айтуға сенемін. Мазлұмдардың жанайқайын бүкіл әлемге жеткізу керек деп санаймын. Бұл алпауыт елдердің саясаттарына қайшы. Менің басымнан өткен оқиға дәл осы мәселемен байланысты»,- деді.