Марзие Һашеми FBI-дың өзіне құл секілді қатынас көрсеткенін айтты
(last modified Sat, 26 Jan 2019 07:03:50 GMT )
Қаң 26, 2019 13:03 Asia/Almaty
  • Марзие Һашеми FBI-дың өзіне құл секілді қатынас көрсеткенін айтты

Press TV арнасының жүргізушісі Марзие Һашеми АҚШ түрмесінен босатылғаннан екі күннен кейін Russia Today телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросының (FBI) қызметкерлерінің өзіне құл секілді қатынас көрсеткенін айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Марзие Һашеми жұма күні берген сұхбатта FBI қызметкерлерінің оның құқығын мүлдем құрметтемегенін, тұтқында болған кезде ең алғашқы адами құқықтан мақұрым қалғанын мәлімдеді.

Һашеми сондай-ақ, тұтқында оны бірнеше рет суретке түсіріп, ДНҚ анализін алғанын айтты.

Марзие Һашеми ешбір айыптаусыз АҚШ-та 11 күн тұтқында болғаннан кейін Вашингтон уақыты бойынша сәрсенбі күні кешке азат етілді.

Ол өз отбасымен көрісу үшін АҚШ-қа сапармен барған болатын.