Иран мен Ресей екіжақты экономикалық кедергілерді жоюға мүдделі
https://itolqyn.com/news/world-i41032-Иран_мен_Ресей_екіжақты_экономикалық_кедергілерді_жоюға_мүдделі
Иран мен Ресейдің Энергетика министрлері екіжақты экономикалық қарым-қатынасты дамыту жолындағы қиындықтар мен кедергілерді жою қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 27, 2019 09:59 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей екіжақты экономикалық кедергілерді жоюға мүдделі

Иран мен Ресейдің Энергетика министрлері екіжақты экономикалық қарым-қатынасты дамыту жолындағы қиындықтар мен кедергілерді жою қажеттігін қуаттады.

Иранның Энергетика министрі Реза Ардаканиан мен Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак 2019 жылдың маусым айының 18 күні екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының он бесінші ортақ отырысын өткізуге келісті.

Ардаканиан мен Новак, сондай-ақ, Теһранның шығысындағы Гармсардан Иранның солтүстігіндегі Инче-Бурунға баратын темір жол желісін электрлендіру және Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббаста төрт жылу электр странсасын салу жобаларын жүзеге асыру қажеттігін қуаттады.

Иранның электр желісін Әзірбайжан мен Ресейдің желілеріне қосу да Ардаканиан мен Новактың телефон арқылы сұхбатында талқыланған тақырып болды.

Иран-Ресей ынтымақтастығы ортақ комиссиясының он төртінші отырысы 2018 жылдың наурыз айында Мәскеуде өтті.