Марзия Һашеми АҚШ-та жазықсыз адамдардың қамауда жатқанын ескертті
(last modified Sun, 27 Jan 2019 08:36:17 GMT )
Қаң 27, 2019 14:36 Asia/Almaty
  • Марзия Һашеми АҚШ-та жазықсыз адамдардың қамауда жатқанын ескертті

Press TV арнасының тілшісі әрі тележүргізушісі АҚШ-тың сот жүйесіндегі әділетсіздік пен жазықсыз адамдардың қамауда жатқанын ескертті.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Марзия Һашеми Вашингтонда оның қамауға алынғанына қарсы өткен наразылық жиынында АҚШ-тың сот жүйесін адамдыққа жат қатынас көрсеткені үшін айыптап: «Бұл жиынды АҚШ үкіметіне халықты қорқыта алмайтынын жариялау үшін өткіздік.  

АҚШ қайраткерлері өз жұмыстарын басқаша атайтын болар, бірақ АҚШ-тың қауіпсіздік  күштері шын мәнінде мені Сент-Луис әуежайынан ұрлап кетті»,-деді.

Қолдарына плакат алып шыққан наразылар АҚШ-тың сот жүйесіне қарсы ұрандар айтып, осы елдің үкіметінен Марзия Һашемиді қамауға алудың себебін мәлімдеуді талап етті.