АҚШ Еуропа-Иран арнайы қаржы желісінің іске қосылғанына ызалы
(last modified Fri, 01 Feb 2019 07:16:40 GMT )
Ақп 01, 2019 13:16 Asia/Almaty
  • АҚШ Еуропа-Иран арнайы қаржы желісінің іске қосылғанына ызалы

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті жұма күні таңертең (01.02.2019) өз мәлімдемесінде INSTEX деп аталатын Еуропаның Иранмен арнайы қаржы желісінің іске қосылуының Еуроодақ үшін қатерлі салдарлары болатынын мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Еуропа мен Иранның арнайы қаржы желісі туралы ақпараттарды жіті бақылап отырғанын айтты.

АҚШ Мемлекеттік департаменті: «Иранға салынған санкцияларды бұзуға қатысатын институттар АҚШ-тың қаржы жүйесіне қолжетімділіктің тоқтатылуы және осы ел немесе америкалық компаниялармен сауда жасау мүмкіндігінен айырылу сияқты ауыр салдарларға ұшырайды»,-деп уәж айтты.

АҚШ Мемлекеттік департаменті: «Еуропаның арнайы қаржы механизмі Вашингтонның Иранға қарсы максималды қысымына әсер ете алмайды»,-деп отыр.