Трамп АҚШ-тың Ғарыш күштерін құруға шешім қабылдады
https://itolqyn.com/news/world-i41312
АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні шешімге қол қойып, Пентагонға АҚШ қарулы күштерінің алтыншы бөлімі ретінде Ғарыш күштерін құруды бұйырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 20, 2019 16:37 Asia/Almaty
  • Трамп АҚШ-тың Ғарыш күштерін құруға шешім қабылдады

АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні шешімге қол қойып, Пентагонға АҚШ қарулы күштерінің алтыншы бөлімі ретінде Ғарыш күштерін құруды бұйырды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Трамп сейсенбі күні бұл әскери күштерді құру шешіміне қол қою рәсімінде ғарышты мемлекеттер арасындағы қақтығыстардың жаңа алаңы деп атап, Вашингтонның ғарыштағы әскери мүмкіндіктер саласында белсенділік танытуы керектігін баса айтты.

Вашингтонның ғарыш күштерін құру және ғарышта қару-жарақ орнату шешімі көптеген елдердің, әсіресе Иран, Ресей және Қытайдың наразылықтарына себеп болды.