Майкл Коэн: Трамп – нәсілшіл, алаяқ
Дональд Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэн сәрсенбі күні Өкілдер палатасында өткен жиналыста Трампқа әртүрлі айып тағып, АҚШ Президентін екіжүзді, нәсілшіл әрі алаяқ адам деп атады.
"Политика" газетінің жазуы бойынша, Майкл Коэн, сондай-ақ, бейәдеп фильмдерге түсетін әртіс әйел Сторми Даниелске пара беру әрекетін әшкерелеп: "Трамп менен өзі байланыста болған осы әртіске пара беруімді сұрады. Трамп менен әйеліне өтірік айтуымды сұрады. Мен солай істедім. АҚШ-тың бірінші әйеліне өтірік айту – менің ең үлкен өкініштерімнің бірі.
2016 жылғы президенттік сайлау кезінде мен Трамптың атынан ресейліктермен келіссөз жүргіздім. Ол менің көзіме тура қарап тұрып, Ресеймен ешқандай сауда байланысының болмағанын айтты. Тура осы өтірікті АҚШ халқына да айтып келді",-деді.