Ресей: АҚШ Иранмен ынтымақтастық жасайтын елдерді бопсалайды
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі (АҚХА) Ресейдің тұрақты өкілі сейсенбі күні Агенттіктің Басқармалар кеңесінің отырысында АҚШ-тың Иранмен ынтымақтастық жасайтын елдерге қарсы бопсалау саясатын жүргізетінін мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Михаил Ульянов АҚШ үкіметінің Иранмен ынтымақтастық жасайтын елдерді қорқытуын айыптап: «Вашингтон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранмен ынтымақтастығын жалғастырып отырған елдерге қарсы экономикалық бопсалау саясатын бастады. АҚШ-тың әрекеттерінің салдарынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы әлсіреп, ядролық және экономикалық мәселелерге қатысты баптарының теңгерімі бұзылды; келісімнің экономикалық тұрғысына ауыр соққы жасалды, бірақ ядролық мәселеге қатысты бөлімдері әлі іске асырылып жатыр»,- деді.