«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының маңызды бөлігі санкцияларды жою керек
(last modified Thu, 07 Mar 2019 14:54:55 GMT )
Нау 07, 2019 20:54 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының маңызды бөлігі санкцияларды жою керек

Алайда, АҚШ осы келісімді жою мақсатында 2018 жылдың мамыр айында одан шығып кетті. Вашингтон ядролық санкцияларды қайтару арқылы Иран үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының санкцияларды жоюға бағытталған артықшылығын жоюды көздеді.

Бұған қарамастан басқа халықаралық алпауыт елдер «4+1» топ түрінде АҚШ-ның көзқарасына қарсы шығып, ядролық келісімді жоюдың қауіпсіздік саласына теріс әсер ететінін айтты. Осы топтың пікіріне сәйкес, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – көпжақты келісімнің сәтті үлгісі. Ол басқа халықаралық қайшылықтарды шешуде үлгі ретінде қолданылуға лайық. Бұл топтың мүшелері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын ядролық қару-жарақты таратпау саласындағы әлемдік құрылымның бір маңызды элементі және БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінде №2231 қарар негізінде бірауыздан қабылданып, бекітілген көпжақты дипломатияның маңызды жетістігі санайды.

Осындай жағдайда Трамп үкіметінің «4+1» тобы мүшелерін, әсіресе Еуроодақ пен еуропалық үштік – Германия, Франция мен Ұлыбританияны «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуға мәжбүрлеу үшін жасап жатқан қысымдары Иранмен арнайы сауда желісі (INSTEX) іске қосылғаннан кейін күшейе түсті.  

Үнемі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жойып, Иранға қарсы санкцияларды күшейтуді көздейтін АҚШ-ның қалауы мен Вашингтонның біржақты қатынасына керісінше, басқа әлемдік алпауыт елдер «4+1» тобы түрінде осы маңызды келісімді сақтауға мүдделік танытты.  Осы орайда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы сәрсенбі күні, 6 наурызда Венада өткен 11-ші отырысының соңында мәлімдеме жасап: «Санкцияларды жою Иранмен сауда-экономикалық қарым-қатынасты қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сондықтан, бұл – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының маңызды бөлігі»,-деді. Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясына мүше елдер осы мәлімдемеде оны барлық салалар бойынша толық орындауға міндеттеме алғандарын қуаттады.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясына мүше елдер: «Бұл бағдарлама – ядролық қару-жарақты таратпау саласындағы әлемдік құрылымның маңызды элементі және көпжақты дипломатияның маңызды жетістігі. Ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде №2231 қарар негізінде бірауыздан қабылданып, бекітілді»,-деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, мүше елдер нәтижелерге қол жеткізу үдерісін жылдамдату қажеттігін ескере отырып, INSTEX-ті әсерлі қаржы қатынасын жасауға арналған механизм ретінде тіркеп, халықаралық және еуропалық заңдар мен ережелерге сәйкес, Иранмен заңды сауда жасауды жеңілдету үшін Франция, Германия мен Ұлыбританияның осы механизмнің басты мүшелері болуын қолдады.   

АҚШ үкіметі 2016 жылдың 16 қаңтарында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы іске қосылғаннан бастап оның орындалуына кедергі келтіріп, Иранды бұл бағдарламаның экономикалық тиімділігінен мақұрым етуге талпыныс жасады. Дональд Трамп АҚШ-та билік басына келген соң бүлдіргі әрекеттер күшейе түсті. Трамп сайлау науқаны кезінде және Ақ үйге келген соң сан рет «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сынап, оны ең нашар келісім деп атап, өз елін одан шығаратынын айтып қоқан-лоққы жасады. Брайан Хуктың айтуынша, «Вашингтон Теһранға қарсы қысымдарды күшейтіп, осы саясатты максималды түрде жалғастыру үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықты».

«4+1» тобының мүшелері ядролық келісімді сақтап, Иранмен әріптестік жасап, АҚШ-тың Иранға қайта салған санкцияларының теріс әсерлерін азайту үшін тиімді шешім жолдарын табу қажеттігін көп қуаттады.