Трамп Сирияның Голан жоталарын Израильдің жері деп ресми таныды
https://itolqyn.com/news/world-i41658
Израиль аймақ елдеріне шабуыл жасап, олардың жерлерін басып алу саласында ұзақ тарихқа ие. Бұл режим Голан жоталарын 1967 жылдың маусым айындағы арабтармен 6 күндік соғыста басып алған болатын.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 27, 2019 17:24 Asia/Almaty
  • Трамп Сирияның Голан жоталарын Израильдің жері деп ресми таныды

Израиль аймақ елдеріне шабуыл жасап, олардың жерлерін басып алу саласында ұзақ тарихқа ие. Бұл режим Голан жоталарын 1967 жылдың маусым айындағы арабтармен 6 күндік соғыста басып алған болатын.

Израиль режимінің Кнессеті 1981 жылдың желтоқсан айында шекараларының қауіпсіздігін нығайту мен қалашықтардың құрылысын кеңейтуді сылтауратып, бұл аймақты өз территориясына қосып алу туралы шешімге қол қойды. Бұл шешімді БҰҰ мен халықаралық қауымдастық растаған жоқ. Сионистік режимнің бұл әрекеті халықаралық заңдар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Голан жоталарын басып алынған жерлер деп атап, Израильдің бұл аймақтан кейін шегініп, Сирияға қайтаруды талап еткен №242 қарарына қайшы. Сондықтан халықаралық заңдарға сай Голан жоталары Сирияның жері саналады. Әлемдік қауымдастық та бұл мәселені мақұлдады. Соған қарамастан Израиль АҚШ-тың стратегиялық одақтасы ретінде Голан жоталарын Израильге қосып алу мақсатында кең ауқымды талпыныстарын бастады. АҚШ Президенті Дональд Трамп 25 наурызда Голан жоталарын Израиль режимінің аумақтық тұтастығы ретінде жариялау шешіміне қол қойып, көптеген реакцияға тап болды.  Халықаралық заңдар мен БҰҰ қарарларына толық қайшы Трамптың бұл әрекеті Вашингтонның Тель-Авивті ешбір шартсыз қолдайтыны мен Трамп үкіметінің сионистерді демейтінін көрсетті.  Трамптың жуырдағы әрекеті өз үкіметінің 2018 жылдың 14 мамырында АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдске ауыстыруынан кейін орын алды. Сирия Ақш Президентінің Голан жоталарын Израильдің жері ретінде жариялау туралы құжатқа қол қоюына реакция білдіріп, айыптап, оны Сирияның егемендігіне әшкере түрде шабуыл жасау деп атады.  Сирия Сыртқы істер министрлігі қайраткерлерінің бірі АҚШ Президентінің Голан жоталары туралы шешімін Сирияның егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзу деп сараптады.  Басқа елдер, соның ішінде Ресей мен Қытай, тіпті АҚШ-тың одақтасы саналатын Еуроодақ  сионистік режимнің Голан жоталарына қатысты аумақтық тұтастығын қабылдамауымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бұл саладағы Голан жоталарын Сирияға қайтару туралы қарарын орындауды талап етті. 

Трамптың Голан жоталарын сионистік режимнің жері деп жариялауы АҚШ-тың әлемдік деңгейдегі оқшаулығын арттырып,  Израильдің Қаупісіздік кеңесінің қарарлары мен халықаралық заңдарға бағынбайтынын көрсетеді.