Помпео Ираннан үркіту саласында тағы бір қойылым көрсетті
(last modified Thu, 28 Mar 2019 15:15:43 GMT )
Нау 28, 2019 21:15 Asia/Almaty
  • Помпео Ираннан үркіту саласында тағы бір қойылым көрсетті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Ираннан үркіту жобасы аясында ИИР-ды Батыс Азия аймағында бүлдіргі рөл ойнап, лаңкестікті қолдайды деп айыптады.

Майк Помпео сәрсенбі күні АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының сыртқы істер комитетінде жасаған баяндамасында: "Иран бұрынғыдай өз қаражатын Ирак, Йемен мен Сирияда және одан тысқары жерлерде соғысты өршіту үшін жұмсайтын болады",-деген уәж айтты. АҚШ Мемлекеттік хатшысы содан соң хусилердің осы күнге дейін Иранда жасалған ондаған зымыранды Сауд Арабиясының жеріне атқанын, саудиялықтардың өздерін хусиліктердің зымырандарынан қорғап жатқанын айтты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы мұндай ұстанымы тосын емес және соңғы еместігі анық. АҚШ-тың әсірешіл басшылары әрдайым өздерінің Батыс Азия аймағындағы саясаттарын ілгерілету үшін Иранды сылтауратып, осы саладағы өз сәтсіздіктерін түсіндіруге күш салуда.

ИИР-ның Батыс Азия стратегиялық аймағында оң әрі әсерлі рөлі АҚШ пен одақтастарының отарлау саясатының жүзеге асуына кедергі болды. Иранның Сирия мен Иракта лаңкестермен күрестегі өзекті рөлі америкалықтардың осы екі араб елінде ДАИШ лаңкестік тобы әрекеттерінің саясында жүзеге асырғысы келген жобаларына тосқауыл қойды.

Иран Сирия мен Ирак елдерінің өтінішімен лаңкестермен күресуге көмектесті. Олардың әріптестігі Сирия мен Иракта ДАИШ-тың халифат құру қиялының күлін көкке ұшырды. Иранның лаңкестікпен күрестегі сындарлы рөлі Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың осы сұрқия құбылысқа қатысты екіжүзді қатынасын әшкереледі. Америкалық басшылардың Иранға қарсы уәждерінің тамырын олардың лаңкестікке қатысты екіжүзді қатынасынан іздестіру керек.

Әртүрлі дереккөздеріне сәйкес, АҚШ ДАИШ-тың Иракта қалыптасуына, содан соң Сирияда әрекет етуінде рөл атқарған. Америкалық байырғы бір әскери жуырда жазған ашық хатта АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы ДАИШ лаңкестік тобына берген жасырын көмектерінің көлемін әшкереледі.  

АҚШ-тың лаңкестікпен күрестегі екіжүзділігін көрсететін келесі бір мысал бұл елдің әлемге лаңкестікті тарататын ошақ саналатын Сауд Арабиясын қолдауы болып отыр. Сауд режимі  Батыс Азия аймағында лаңкестерді қолдау арқылы бүлдіргі рөл атқарып жатқанына қарамастан АҚШ-тың қолдауына ие болып отыр. Йемендегі соғыста да АҚШ-тың қолдауына арқа сүйеп келеді.  

ИИР СІМ-нің ақпарат өкілі Баһрам Ғасемидің көзқарасы бойынша, Сауд үкіметі – фундаменталистік тәкпіршіл ағым мен ұйымдасқан терроризмді әлемге таратып отырған мемлекет.  

АҚШ-тың лаңкестікпен күрестегі екіжүзділігі, Сауд режимінің  Батыс Азия аймағындағы бүлдіргі саясаттары мен Йемен соғысын қолдауы, сондай-ақ, Иранға қарсы жалған айыптар тағуы АҚШ басшыларының Иран халқы мен үкіметіне деген кегі мен жауластығының тереңдігін білдіреді. Өйткені, Иран АҚШ-тың ерік-жігерінен тыс тәуелсіз әрекет етіп, сындарлы рөл атқарып келеді.