Мәскеу АҚШ-тың Ресейді Венесуэлада әскер орналастырғаны үшін жаңа санкция салумен қорқытқанына реакция білдірді
«Қырғи қабақ» соғысынан кейінгі АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы көптеген толқуларды бастан өткерді. 2014 жылы Украинада дағдарыс басталғаннан кейін екі елдің араздығы күшейе түсті. Вашингтон әртүрлі сылтаулармен Мәскеуге санкция сала бастады. Бұл санкциялар саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, әскери-қорғаныс және энергетикалық салаларды қамтыды.
АҚШ-тың Ресейге жаңа санкциялар салуға жаңа сылтауы – Мәскеудің Венесуэладағы әскери құзыры. АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі, 27 наурызда Ресей әскерилерінің Венесуэладан шығарылуын талап етіп, Каракасқа қарсы барлық таңдау жолдарының қарастырылып жатқанын айтты. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да өзінің орыс әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы сұхбатында Мәскеуді Венесуэлада текетірестің күшеюіне себеп болды деп айыптап: «АҚШ пен Латын Америка аймағы елдері Ресейдің алдында қол қусырып отырмайды»,-деді. АҚШ-тың Ресейге Венесуэлада әскер орналастырғаны үшін санкция салумен қоқан-лоққы жасауы бүгінде жаңа көлемге ие болды. АҚШ-тың Венесуэла істері жөніндегі арнайы өкілі Эллиот Абрамс сенбі күні Вашингтонның Ресейге осы ел әскерилерінің Венесуэлада орналасқаны үшін санкция салуды көздейтінін мәлімдеді. Абрамс: «Вашингтонда Ресейдің Венесуэлада орналасуымен күресу үшін әртүрлі таңдау жолдары бар. Бұл жолдардың бірі – экономикалық санкциялар. Ресейліктер Венесуэлада еркін жүре аламыз деп ойласа, қателеседі»,-деді. Бұл америкалық қайраткер Ресейдің Венесуэладағы әскерилері санының көп емес екенін, бірақ олардың ықпалы зор екенін айтты.
Ресей осы күнге дейін бұл айыптауларды теріске шығарып, Вашингтонның әскери төңкеріс ұйымдастыру арқылы Венесуэлада билікті өзгертуді көздейтінін және осы елдің ішкі ісіне заңсыз араласатынын айтып келеді. Мұнымен қоса, Мәскеу Ресей мен Венесуэла арасында әскери-техникалық ынтымақтастық саласында арнайы келісімнің барын мәлімдеді.
Ресей Вашингтонның жаңа санкция салу туралы қоқан-лоққысына қатысты қатаң позиция ұстанып отыр. Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова сенбі күні бір мәлімдемесінде АҚШ-тың Ресей әскери мамандарының Каракаста болуына байланысты Мәскеуге көбірек санкция салу туралы қоқан-лоққысын ақымақтық деп атады. Захарованың айтуынша, Вашингтон әртүрлі сылтаулармен Мәскеуге санкция салғаны соншалықты, енді біз Вашингтонның көбірек санкциясына көңіл аудармаймыз. Санкциялардың саны санауға келмейтіндей көбейіп кетті.
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Вашингтонның ресейліктерге қарсы санкцияларының көптігіне меңзеп отыр. АҚШ 2011 жылдан бастап Ресейге әртүрлі сылтаулармен санкция салып келеді. Қазіргі таңда АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының саны 66 пакеттен асты. АҚШ-тың 2014 жылдан бері Ресейге санкция салуының сылтауы Украина дағдарысы, әсіресе Қырымның Ресейге қосылуы болды. Ресей 2017 жылғы АҚШ-тың президенттік сайлауына араласты деген сылтаумен салынған «Катса» санкциялары сол жылдың тамыз айынан бастап Мәскеуге қарсы іске қосылса, АҚШ тарапынан Ресейге салынған соңғы санкция 2019 жылдың 15 наурызында күшіне енді. АҚШ-тың Қаржы министрлігі бір мәлімдеме таратып, Ресейдің 6 тұлғасы мен 8 компаниясының осы министрлікке қарасты Сыртқы активтерді басқару кеңсесі тарапынан санкцияға ұшырағанын хабарлады.
Бұған қарамастан, АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары Вашингтон айтқандай әсерлі болмады. Мәскеу экономикалық университетінің Еуропаны зерттеулер тобының директоры Юрий Кофнер: «Ресейге қарсы санкциялардың көбі символдық сипатта. Тек Ресей банкінің дүниежүзілік банкпен әріптестігіне қарсы санкциялар ойлануға тұрарлық»,-деді.
Маңызды жайт мынада: АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары бұл елдің қаржы-экономикалық саласына қатты әсер етпеді. Сол себепті АҚШ-тың бұл санкцияларының тиімділігіне күмән туындайды.