Украинада президенттік сайлау басталды
Бүгін, жексенбі күні Украинада президенттік сайлау басталып, халық сайлау учаскелеріне ағылуда.
Украинаның президенттік сайлауына 39 үміткердің бәсекеге түскеніне қарамастан, басты бәсеке үш үміткер – Президенттің қарсыласы Владимир Зеленский, қазіргі Президент Петр Порошенко және бұрынғы Премьер-министр Юлия Тимошенко арасында болады.
Украинаның Орталық сайлау комиссиясы бұрынғы сайлаудағыдай сайлау учаскелерін елдің шығысындағы Донецк пен Луганск өңірлерінде ашпайды. Украинаның шығысында орналасқан Донбасс өңіріндегі миллиондаған адаммен бірге Ресейде тұратын 3 млн-ға жуық украиндық та дауыс бере алмайды.
Сонымен қатар, алғаш рет ресейлік бақылаушыларға Украинаның сайлауын бақылауға тыйым салынды.
Украина президенттік сайлауының бірінші кезеңінде ешбір үміткер жеткілікті дауыс жинай алмаса, сайлаудың келесі кезеңі 2019 жылдың 21 сәуірінде өтеді.