Ресей АҚШ-на жаңа "қырғи қабақ" соғысының ықтималы жайлы ескертті
https://itolqyn.com/news/world-i41714-Ресей_АҚШ_на_жаңа_қырғи_қабақ_соғысының_ықтималы_жайлы_ескертті
Ресей үкіметі жаңа "қырғи қабақ" соғысының АҚШ үшін қатерлі болатынын ескертті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 04, 2019 19:21 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-на жаңа

Ресей үкіметі жаңа "қырғи қабақ" соғысының АҚШ үшін қатерлі болатынын ескертті.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко НАТО-ның Ресей шекараларына жақын маңдағы әскери бағдарламаларының жаңа "қырғи қабақ" соғысының туындауына соқтыруы мүмкін екенін айтты.

Ресейлік қайраткер, сондай-ақ,  НАТО-ның Ресей шекараларына жақын маңдағы жуырдағы әскери әрекеттеріне білдірген реакцияда: "АҚШ пен НАТО лаңкестікпен күрес және Ресеймен көршілес елдермен әскери әріптестіктерді кеңейту сылтауымен осы елге соққы беруді көздеп отыр",-деді.

Александр Грушко НАТО-ның Ресей маңына орналастырған  ауыр әскери қарулары мен зымырандық кешендерінің Мәскеудің толық бақылауында екенін айтып, АҚШ пен НАТО-ға осындай жауластық әрекеттердің қайтадан "қырғи қабақ" соғысына жеткізіп, оның қатерлі салдары болатынын ескертті.