Иран мен Ресей ақпарат саласында әріптестіктерін арттырады
Ресей ақпарат басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін Мәскеуге сапар шеккен ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы Пейман Джебели "Russia Today" телеарнасының басшысымен кездесуінде Иран мен Ресейдің ақпарат саласындағы әріптестігін Батыстың ақпараттық үстемдігін доғару жолындағы әсерлі қадам деп атады.
Ресей ақпарат басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін Мәскеуге сапар шеккен ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы Пейман Джебели "Russia Today" телеарнасының басшысымен кездесуінде Иран мен Ресейдің ақпарат саласындағы әріптестігін Батыстың ақпараттық үстемдігін доғару жолындағы әсерлі қадам деп атады.
Джебели жұма күні өткен кездесуде ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының Twitter мен Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларының жабылғанына тоқталып: "Ресей ақпарат құралдарына қарсы да осыған ұқсас шаралар жасалғандықтан, Теһран мен Мәскеу мұндай шараларға қарсы тұру үшін ақпараттық әріптестікті нығайта алады",-деп қуаттады.
Ауқымды байланыстар әлемінде Батыс ақпарат құралдары әлемнің кез келген жерін өзінің ақпараттық монополиясына алуға тырысады. Батыс ақпарат құралдары шындықтарды бұрмалау үшін ақпараттар мен суреттердің ауқымды көлемін таратып отырған жағдайда осындай біржақты ағымға қарсы тұру үшін ақпараттық әріптестік деңгейін арттыру қажеттілікке айналды.
Ақпарат саласындағы сарапшылардың пікіріне сәйкес, әлемде оқырмандардың хабардарлық деңгейін арттырып, тәуелсіз әрі сөз бостандығы принципіне берік ақпарат құралдарының мақсаттарын орындау үшін тәуелсіз ақпарат агенттіктері арасында бірауыздылық пен бір тәсіл қалыптастыру керек.
Осы орайда Иран мен Ресей маңызды рөл атқарады. Екі ел ақпарат саласында әріптестік жасап, болып жатқан өзгерістер мен оқиғаларға қатысты ашық сараптамалар беріп, тәуелсіз көзқарастар ұсыну арқылы оқырмандардың шынайы ақпаратқа қолжетімдігін қамтамасыз ете алады.
ИИР Телерадио бірлестігі халықаралық деңгейде тиімді ақпараттық бастамалар көтеріп, әлемдік қызмет торабының Press TV, Al-Alam, Pars Today мен Iran Press сияқты көрермені көп арналарында радио мен телевидениеге арналған жаңа бағдарламалар ұсынып, әсерлі қадамдар жасап, сандық ақпараттық кеңістікте айтарлықтай белсенділік танытып, Батыс ақпарат құралдарының қысымын ауыздықтады.
Қазіргі таңда Иран мен Ресей ақпарат құралдарының екі елдің саяси қарым-қатынастарына сәйкес екжақты талпыныстармен осы әріптестікті артыруға әлеуеттері жетеді. Осыған орай, "Russia Today" арнасы Press TV және әлемдік қызмет торабының басқа да арналарымен әріптестік жасай алады. Бұл ынтымақтастық әртүрлі салаларда, соның ішінде тәжірибемен алмасу, білім беру және техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету салаларында дами алады.