Украина президенттік сайлауында Зеленскийдің жеңісі жетуі – өзгерісті талап етудің белгісі
https://itolqyn.com/news/world-i41893
Өткен жылдар Украина үшін мазасыз кезең болды. Виктор Янукович отставкаға кетіп, билік басына Петр Порошенко басқарған батысшыл үкіметтің келуімен аяқталған 2014 жылдағы өзгерістер бұл елдің шығысындағы азамат соғысы және Ресеймен арадағы қарым-қатынастарының бұзылуына себеп болды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 22, 2019 19:25 Asia/Almaty
  • Украина президенттік сайлауында Зеленскийдің жеңісі жетуі – өзгерісті талап етудің белгісі

Өткен жылдар Украина үшін мазасыз кезең болды. Виктор Янукович отставкаға кетіп, билік басына Петр Порошенко басқарған батысшыл үкіметтің келуімен аяқталған 2014 жылдағы өзгерістер бұл елдің шығысындағы азамат соғысы және Ресеймен арадағы қарым-қатынастарының бұзылуына себеп болды.

Бұл тақырып екінші кезеңі кеше 21 сәуірде өткен Украинаның президенттік сайлауында анық байқалды. 31 наурызда өткен Украина президенттік сайлауының бірінші кезеңінде Владимир Зеленский 30 пайыздан астам дауыспен, елдің қазіргі  президенті Петр Порошенко 16,54 пайыз  дауысқа ие болып екінші кезеңге шықты.  Сайлаудың екінше кезеңі алдындағы сауланамалардан   Зеленскийдің дауыстың 70-тен астам пайызына ие болады деп болжам жасалған болатын. Сайлаудың екінші кезеңі нәтижелерінің жариялануымен Зеленскийдің украиналық сайлаушылар дауысының 73 пайызымен жеңіске жеткені, Порошенконың тек 25 пайыз дауыс жинап, жеңілгені анықталды. Порошенконың бұл сайлауда жеңілуі алдын ала болжанған жағдай. Порошенко өзінен кейін жақсы іс қалдырған жоқ Ол Украинаның шығысындағы дағдарысты шешпек түгілі, Украинаны қаржы және экономикалық дағдарыстардан шығара алмады. Сондай-ақ, оның үкіметі жемқорлықпен айыпталып, Порошенко әскери бюджетті жымқырумен айыпталған жоғары   көмекшілерінің бірін сынады.  

Сарапшылар Порошенконың сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебін халықтың тұрмысын жақсарта алмауы, сондай-ақ, қаржы және кеңселік жемқорлықпен күреспеуі деп санайды. Украина халқының көпшілік дауыспен саяси тәжірибесі жоқ комедия жанрының артисі Зеленскийді сайлауы Еуропаның шығысындағы бұл елде саяси және экономикалық өзшерістерді талап етудің белгісі деп бағаланды. Украинаның экономикасы да өткен жылдары нашарлап, Еуропаның шығысындағы бұл жері үлкен мемлекет қарыздар әрі экономикалық жағдайы үмітсіз елге айналды. Минск келісімінің орындалмауына байланысты Украинаның шығысындағы жағдайдың тығырыққа тірелуі мен Еуропа мен АҚШ-тың бұл елдің экономикалық және әскери жағдайын жақсарту мақсатында батысшыл үкіметіне көрсеткен көмектеріне қарамастан  экономикалық ахуалының нашарлығы бұл елді бейберекеттіктерге тіреді. Сондықтан Украина халқы қазіргі қолайсыз жағдайдан шығу үшін күрделі өзгерістерді талап етуде. Украина халқының елдің кейбір ақпарат құралдары "Украинаның Трампы" атаған Зеленскийге дауыс беруі бәрінен бұрын олардың  Ресеймен арадағы қайшылықтарды шешу және Украинаны Еуроодаққа мүшелікке енгізуге  талпыну туралы уәделерін орындамаған қазіргі саясаткерлерге сенім артпайтынын көрсетті.