Иран мен Ресей АҚШ-тың талаптарынан шығу саласында сындарлы ынтымақтастыққа ие
https://itolqyn.com/news/world-i41934-Иран_мен_Ресей_АҚШ_тың_талаптарынан_шығу_саласында_сындарлы_ынтымақтастыққа_ие
Иранның Қорғаныс министрі Теһран мен Мәскеудің АҚШ-тың нысанына түсуіне қарамастан тәуелсіз рөл атқарып келе жатқанын қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 26, 2019 21:16 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей АҚШ-тың талаптарынан шығу саласында сындарлы ынтымақтастыққа ие

Иранның Қорғаныс министрі Теһран мен Мәскеудің АҚШ-тың нысанына түсуіне қарамастан тәуелсіз рөл атқарып келе жатқанын қуаттады.

Генерал Амир Хатами ресейлік «Russia Today» арнасына берген сұхбатында: «Иран мен Ресей аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қолдап, АҚШ-тың зорлық-зомбылығымен қарсыласқаны үшін бұл мемлекеттің шабуылдарының нысанына түсті»,- деді. Иран мен Ресей екі тәуелсіз мемлекет ретінде аймақ пен әлемдік қарым-қатынаста маңызды рөл атқарып, екі одақтас ел ретінде сындарлы ықпалдастық жасап келеді. Иран мен Ресейдің Сириядағы ынтымақтастық тәжірибесі бұл елдің саяси және майдандық теңгерімін Дамаск үкіметінің мүддесіне, керісінше АҚШ үкіметі мен оның одақтастарының зиянына өзгертіп, АҚШ-тың Сириядағы сәтсіздігі Вашингтонның Сириядан өз күштерін шығаратынын жариялауына себеп болды. Иран мен Ресейдің Сириядағы лаңкестікпен шынайы күресі бұл екі елді Сирияның саяси және майдандық алаңдарындағы негізгі ойыншыға айналдырды. Қазір Сирияда тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнатылуы, Иран мен Ресейдің ортақ ынтымақтастықтары, Сирия Президенті Башар Асадтың Мәскеу мен Теһранға сапарларын осы салада бағалауға болады. Ресей мен Иранның аймақ оқиғаларының шешімін табуға қатысуы мен маңызды рөлі АҚШ-ты бұл екі елге қатысты ұстанымын білдіруге мәжбүрледі. АҚШ-тың Иран мен Ресейге қарсы қоқан-лоққылары бұл екі елдің стратегиялық Батыс Азия аймағындағы саяси және қауіпсіздік өзгерістерінде маңызды рөл атқаруымен байланысты. Теһран мен Мәскеудің сындарлы ынтымақтастығы тек Сирияның географиясымен шектелмей, аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнатылуына көмектесті. Иран мен Ресейдің жоғары лауазымды басшыларының дипломатиялық және әскери байланыстары мен екі елдің астаналарына сапар шегуі екіжақты саяси және әскери ынтымақтастықтардың жоғары деңгейінің белгісі. Бұл салада Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу өткен сәрсенбі күні Мәскеуде өткен 8-ші қауіпсіздік конференция аясында   Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатамимен кездесуінде Иран мен Ресейдің әскери ынтымақтастықтарының жоғары деңгейге жеткенін қуаттады. Иран мен Ресей ынтымақтастықтарының жалғасып, тереңдей түсуі – екі ел басшыларының қалауы мен ерік-жігерінің нәтижесі. Бұл салада Иран, Ресей және Түркия президенттері Сирия тақырыбына қатысты стратегиялық келіссөздердің төрт кезеңін өткізді.  

Америкалықтардың қоқан-лоққылары бір-біріне деген сенімі жоғары деңгейге жеткен Иран мен Ресей ынтымақтастығын дағдарысқа тірей алмайды. Иран мен Ресейдің халықаралық органдардағы ортақ көзқарасы мен екі елдің бейбітшілік орнатуға қатысты жан-жақты ұстанымы мен дипломатияға құрмет білдіруін әлемдік қоғам растады. Мұндай жағдайда АҚШ өзінің түрткілері және біржақты ұстанымымен Иран мен Ресейдің халықаралық институттардың негіздеріне сүйенген ынтымақтастығына теріс әсер ете алмайды.