АҚШ-тың санкциялары Иранмен әріптестіктің тоқтауына себеп болмайды
https://itolqyn.com/news/world-i42017-АҚШ_тың_санкциялары_Иранмен_әріптестіктің_тоқтауына_себеп_болмайды
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен санкцияларының Иран мен Ресейдің әріптестіктерін тоқтата алмайтынын қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 05, 2019 14:33 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың санкциялары Иранмен әріптестіктің тоқтауына себеп болмайды

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен санкцияларының Иран мен Ресейдің әріптестіктерін тоқтата алмайтынын қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сергей Рябков Ресейдің АҚШ-тың санкция салу туралы қоқан-лоққысына қарамастан Иранмен барлық салалар, соның ішінде ядролық сала бойынша әріптестігін жалғастыруды көздейтінін мәлімдеді.  

Рябков Ресейдің 2012 жылдан бері АҚШ-тың заңсыз санкцияларымен бетпе-бет келіп отырғанын, Мәскеудің Вашингтонның осы заңсыз шараларына үйреніп кеткенін айтты.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран мен Ресейдің көптеген санкцияларды бастан өткергенін, Мәскеу мен Теһранның ешқашан Вашингтонның алдында тізе бүкпейтінін қуаттады.

АҚШ жұма күні «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы жаңа шарасында Иранның ядролық жұмыстарына берілген жеңілдіктің үшеуінің күшін жойды.