Трамп Израильдің Газа секторындағы қылмыстарын қолдады
https://itolqyn.com/news/world-i42027
АҚШ Президенті Израильдің Газа секторына қарсы әрекеттері мен бұл аймақтың халқын қырып-жоюын толық қолдайтынын жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 06, 2019 14:21 Asia/Almaty
  • Трамп Израильдің Газа секторындағы қылмыстарын қолдады

АҚШ Президенті Израильдің Газа секторына қарсы әрекеттері мен бұл аймақтың халқын қырып-жоюын толық қолдайтынын жариялады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Палестинаға қарсы дұшпандығы, керісінше, басқыншы сионистік режимге жарамсақтануымен танымал АҚШ Президенті дүйсенбі күні таңертең Твиттердегі парақшасында сионистік режимнің қылмыстарына тоқталмастан палестиналықтарға: «Израильге қарсы зымыран ату сендерге бақытсыздықтарыңды арттырудан басқа еш нәрсе әкелмейді»,- деп ескерту жасады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да жексенбі күні The Fоx News арнасына берген сұхбатында сионист басқыншылардың Газа секторына жасаған көптеген шабуылдары мен қылмыстары туралы ләм-мим деместен, израильдіктерді өздерін қорғау құқығына ие деп атады.

Палестина қарсыласу топтары мен сионистік режим арасындағы қақтығыстардың жаңа кезеңі өткен сенбі күні Израиль режимінің әскери тікұшақтары Газаның тұрғын аймақтарына шабуыл жасауымен басталған болатын.