АҚШ-қа сенімсіздік және Еуропаның шешім қабылдаудағы әлсіздігі – өзгермеген екі жағдай
(last modified Sat, 11 May 2019 13:30:29 GMT )
Maм 11, 2019 19:30 Asia/Almaty
  • АҚШ-қа сенімсіздік және Еуропаның шешім қабылдаудағы әлсіздігі – өзгермеген екі жағдай

40 жылдан бері екі көзқарас сынақтан өтті. Бірі – АҚШ-қа сенімсіздік. Екіншісі – Еуропаның тәуелсіз болудағы әлсіздігі.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи жұма күні АҚШ-тың NBC телеарнасына берген сұхбатында Трамптың ИИР басшыларымен кездесіп, келіссөз өткізу туралы өтінішіне тоқталып: "Трамп жауап беруі тиіс алғашқы сұрақ мынау: неге келіссөз үстелін тастап кетті? Өйткені біз ядролық келісімнің барлық мүшелерімен ортақ комиссия аясында келіссөз жүргізіп жатқан едік. Оның ішінде АҚШ та бар еді. Кенеттен ол келіссөз үстелін тастап кетуге шешім қабылдады. Ол осы сұраққа жауап берместен, не үшін ирандықтармен келіссөздердің жаңа кезеңін өткізуді ұсынады?",-деді.

Тахтраванчи осы сұхбатта Еуропаның уәдебұзушылықтары жайында да сөз қозғады.  Ол Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты кейбір шараларды тоқтатуға шешім қабылдағанына және Еуропаға банк және мұнай саласында тиісті шаралар атқару үшін 2 ай уақыт беру себебіне тоқталып: "Бізге маңызды нәрсе – Иранның ұлттық мүдделері. Біз келісімде өзімізге қатысты міндеттемелерге берік болдық. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы азды-көпті тепе-теңдік сақталған мәтін еді, алайда АҚШ үкіметі одан шыққан кезде тепе-теңдікке қатты зиян тиді. Еуропалықтар бізден ядролық келісімнен шығуға асықпауымызды сұрады. Біз олардың ұсынысын қабылдадық. Бір жыл бойы олардың іс жүзіндегі сындарлы жауабын күттік",-деді.

Еуроодақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға бар күшін салғанын айтқанымен, оның шаралары тек көзбояушылық болды.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бір жыл бұрын үкімет басшылары және жауапты тұлғаларымен кездесуінде еуропалықтардың қысылтаяң шақтарда АҚШ-қа жақтасатынын көрсеткенін айтып: "Франция Сыртқы істер министрінің ядролық келіссөздердегі теріс әрекеті және АҚШ-тың "жақсы және жаман полициясына" ортақтасуы, сондай-ақ, Ұлыбритания  үкіметінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы негізінде уран тотығын сатып алуға кедергі жасауы – Еуропаның АҚШ-қа жақтасатынының үлгілері. Еуропалықтар бірталай сөз айтқанымен, шын мәнінде АҚШ-қа қарсы шыққанын көрген жоқпын",-деді.

Еуропалықтар АҚШ көтерген басқа мәселелер, соның ішінде Иранның зымырандық қуатының қатерлі болуы және Ирандағы адам құқығы жағдайы жөнінде де америкалықтарға жақтасып отыр. Қазір де Трамп Еуропаның жақтасуын күтіп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тағдырын оған артып отыр. Кейбіреулер айтқандай, Трамптың шараларын ақмақтықтан туындаған әрекеттер деп бағалауға болатын шығар, бірақ  мынадай сауал туындайды: Еуропа да осындай қателік пен дағдарысқа душар болып отыр ма? Ал бұл жағдайда Еуроодақ АҚШ-ты қисынсыз қолдағанынан талай рет зиян шекті.

Еуроодақ Брюссель мен Вашингтонның мүдделері мен құндылықтары арасында терең жіктің барын мойындауы керек. Бұл жік "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты көзқарастар айырмашылығынан айқын байқалды. Сол себепті Еуропа өз мүдделерін сақтап, өз абыройын қорғау үшін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына ауызша қолдау білдіруден жоғары шаралар атқаруды қажет етеді.

Тегтер