Путин: Иран әлемдегі ең ашық ядролық бағдарламаға ие
Ресей Президенті: "Иран 2015 жылы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойғаннан бүгінге дейін ядролық жұмыстар саласында әлемнің ең ашық елі болып келеді",-деді.
"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин сәрсенбі күні: "Мен АҚХА-нің басшысымен жеке өзім сөйлестім. Ол маған Иранның ядролық міндеттемелерге берік болғанын айтты. Ал "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы айтарым, оның болашағы жалғыз Ресейге байланысты емес",-деп мәлімдеді.
Ресей Президенті Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатыны туралы жорамалдарға тоқталып: "Мен талай рет ирандық достармен сұхбатта Иранның бұл келісімде қалуы қисынды боларын айттым. Өйткені Иран бұл келісімнен шыққан күннің ертеңінде барлығы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын АҚШ-тың бұза бастағанын ұмытып кетеді. Ақырында барлық кінә Иранға артылады",-деді.