Тахтраванчи: Жалған ақпараттар – аймақ қиындықтарының тамыры
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі әрі елшісі жалған ақпараттарды Батыс Азия аймағы қиындықтарының тамыры деп атап: "Егер америкалықтарда нақты ақпараттар болса, неге өз халқы мен әлемге таратпайды?"-деді.
Маджид Тахтраванчи бейсенбі күні кешке АҚШ-тың CBS ақпарат арнасына берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға соғыс ашқысы келмейтіні туралы сөздеріне тоқталып: "Трамп соғыс жүргізуді көздемейді, бірақ шындық мынада: АҚШ үкіметінің кейбір қайраткерлері арандату арқылы Иранмен соғысу немесе қақтығысуға жағдай жасауға талпынып жатыр",-деді.
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: "АҚШ Президентінің бұл сөздері тың емес. Иран соғысуды көздемейді және аймақта ауқымды қақтығыстың болуын қаламайды",-деді.
Тахтраванчи аймақта тұрақсыздық пен тынышсыздық тудыруды көздейтіндердің мына мәселені есте сақтауы қажеттігін айтты: "Батыс Азия аймағында әскери кемелер мен бомба тастаушы ұшақтар пайда болған кезде қандай оқиға боларын ешкім білмейді".