Тахтраванчи: АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы – халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу
(last modified Sat, 25 May 2019 08:14:25 GMT )
Maм 25, 2019 14:14 Asia/Almaty
  • Тахтраванчи: АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы –  халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу

Иранның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы – халықаралық заңдарды, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын ашық түрде бұзу»,-деді.

Маджид Тахтраванчи «The Washington Post» газетінде басылып шыққан бір мақалада: «АҚШ-тың шыққанына қарамастан, Иранның ядролық келісімде қалуға шешім қабылдауы Еуропа елдерінің өтінішімен орын алды. Сөйтіп, оларға АҚШ-тың біржақты шығуы және міндеттемелеріне берік болмауы салдарынан Иранға тиген зиянның орнын толтыруға жеткілікті мұрсат берілді»,-деді.

Тахтраванчи АҚШ-тың Иранға қатысты қатынасын біртұтастықтан ада деп атап: «Бірқатар америкалық қайраткерлер мен Батыс Азия аймағындағы кейбір елдердің басшыларының АҚШ Президентіне қысым жасап, Иранға қатысты қатаң саясат ұстануға итермелеп жатқаны жасырын емес»,-деді.

Иранның бұл дипломаты АҚШ әскери кемесінің жуырда Парсы шығанағына жіберілуін америкалық басшылар мен аймақ елдерінің кейбір басшыларының жалған ақпараттарға арқа сүйегенінің нәтижесі деп атап: «Тіпті АҚШ Конгресінің мүшелері мен оның одақтастары бұл жалған ақпараттарды  қолдамады»,-деді.

Тегтер