Мәскеу: АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы шарасы саналы түрде және қасақана жасалды
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатынасын сынап: «Қазір саяси басшылардың кездесіп, осы ядролық келісім жөнінде бір шешімге келуіне қолайлы уақыт туып отыр»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков: «АҚШ осы ядролық келісімді, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын және БҰҰ Жарғысының 25-бабын саналы түрде және қасақана бұзды»,-деді.
Рябков: «Иранмен бірге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бекіткен біздің еуропалық серіктестеріміз АҚШ келісімнен шыққаннан кейінгі бір жылда өте әлсіз әрекет етті. Бұл Иран үкіметінің өз еркімен мойнына алған міндеттемелердің бір бөлігін орындауды тоқтатуға шешім қабылдауына себеп болды»,-деді.
Бұл ресейлік дипломат «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы біртіндеп жойылу алдында тұр ма?» деген сұраққа: «Бұл келісім әлі өз күшінде, қазір арнайы бақылауға алынған»,-деп жауап берді.