Мәскеу АҚШ-тың Батыс Азияда қайшылық тудырып отырғанын қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i42443-Мәскеу_АҚШ_тың_Батыс_Азияда_қайшылық_тудырып_отырғанын_қуаттады
АҚШ Дональд Трамптың билігі кезінде Иран тарапынан төнген қауіп-қатерді сылтауратып, Батыс Азия аймағында, әсіресе Парсы шығанағында коалиция құрып, әскер орналастыруға талпыныстарын арттырды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 15, 2019 21:16 Asia/Almaty
  • Мәскеу АҚШ-тың Батыс Азияда қайшылық тудырып отырғанын қуаттады

АҚШ Дональд Трамптың билігі кезінде Иран тарапынан төнген қауіп-қатерді сылтауратып, Батыс Азия аймағында, әсіресе Парсы шығанағында коалиция құрып, әскер орналастыруға талпыныстарын арттырды.

Вашингтонның бұл қатынасы Мәскеудің теріс реакциясына ұшырады. Бейсенбі күні Оман теңізінде екі танкер жарылып, Трамп үкіметі Иранға негізсіз айып таққанынан кейін Ресей бұл оқиғаны Иранға қысым жасап, қайшылықтарды өршіту үшін пайдаланбауды ескертті. Ресей СІМ жұма күні, 14 маусымда мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттары мен қатынастарының Батыс Азияда, әсіресе Оман теңізінде қайшылықтардың күшеюіне себеп болып отырғанын айтты.   

Бейсенбі күні Кремль Оман теңізінде екі танкерге кімнің шабуыл жасағаны туралы мәлімдеме жасауға әлі ерте екенін айтып, бұған қатысты асығыс нәтиже шығармауды ескертті. Кремльдің мәлімдемесі АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі бір қайраткердің "Иранның екі танкерге жасалған шабуылға жауапты болуы ықтимал" деп айтқан сөзінен кейін жарияланды.

Әрине, кейін АҚШ-тың жоғары лауазымды басшылары, соның ішінде осы елдің Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранның осы оқиғаға қатысы барын қуаттады. Келесі кезеңде АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран халқына тағы да тіл тигізіп, оларды "лаңкес" деп атап, ешбір құжат пен куә келтірместен Иранды Оман теңізіндегі екі танкердің өртенуіне қатысы бар деп айыптады.

АҚШ басшыларының Парсы шығанағында қайшылықтарды жоюға талпыныс жасап, Иранға қатысты келіссөз бен дипломатиялық қатынасты ұстанып отырғаны туралы уәждеріне қарамастан, іс жүзінде Трамп үкіметі Иранды танкерлерге шабуылға және аймақтағы басқа өзгерістерге жауапты деп көрсеткісі келеді. Осылайша Иранға қарсы барынша қысым жасау саясатын түсіндіріп, Теһранға қарсы халықаралық пікір қалыптастырғысы келеді. Алайда Трамптың бұл қатынасы жеңіліс тапты. Вашингтонның  Сауд Арабиясы, БАӘ мен Ұлыбритания сияқты одақтастарынан басқа елдердің Оман теңізіндегі оқиғаға қатысты ұстанымы "Иранға айып тақпай, көбірек тексеріс жүргізу" болды.

Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маас АҚШ тарапынан жарияланған ирандық қайықтың жапондық танкерге жақындағанын көрсететін бейнетаспаға тоқталып: "АҚШ-тың жапондық танкер туралы таратқан бейнетаспасы Иранды танкерлерге жасалған шабуылға қатысы бар деп нәтиже шығаруға жеткіліксіз",-деді.  

Ал бұл жағдайда Иран Парсы шығанағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау қажеттігін айтып, Батыс алпауыттарының, әсіресе АҚШ-тың осы аймақта текетірес тудыратын шараларына қарсылығын білдіріп келеді. Иран жауапты ұстаным қабылдау арқылы аймақта тұрақтылық пен тыныштық орнатуға күш салып жатыр. Бұл орайда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранның басқыншылық жасамау туралы аймақтық келісімге қол қоюға дайын екенін хабарлады. Алайда Вашингтон аймақта қайшылықтарды қасақана көбейту арқылы өз мақсаттарын орындауды, соның ішінде Ираннан үркуді өршіту және өзінің аймақтық одақтастарына қару-жарақ сатуды арттыруды көздеп отыр.