Пелоси: АҚШ Иранмен соғысқысы келмейді
Маусым 17, 2019 14:15 Asia/Almaty
АҚШ Өкілдер палатасының спикері өз елі Президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуын сынап, АҚШ-тың Иранмен соғысқысы келмейтінін қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ненси Пелоси жексенбіде CNN арнасына берген сұхбатында: «Вашингтон Иранмен соғысқысы немесе жауап қайтарылатын жағдайға жеткізетін түрткі әрекеттерді іске асырғысы келмейді»,- деді. АҚШ Өкілдер палатасының спикері Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуын ешбір қисын мен дипломатиялық шешімге сай емес деп тауып: «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мамандарының көбі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын растап, оны қолдайды»,- деп қосты.