Ресей Иранға С-400 жүйесін сатуға дайын екенін жариялады
Ресей үкіметі Иранға С-400 зымырандық-қорғаныс жүйесін сатуға дайын екенін ресми қуаттады.
«Спутник» агенттігінің мәліметінше, Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастықтар федерал ұйымының баспасөз қызметі кеше, жұма күні: «Мәскеу Иранға С-400 зымырандық-қорғаныс жүйесін тапсыру туралы кеңесулер жүргізуге дайын. Бұл жүйені тапсыру 2015 жылдың 20 шілдесінде бекітілген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарында қарастырылған шектеулерге кірмейді»,- деп жариялады. Бұл жерде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын растау мақсатпен бекітілген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары туралы айтылуда. Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастықтар федерал ұйымы сондай-ақ Ираннан С-400 зымырандық-қорғаныс жүйесін сатып алу ұсыныстын түспегенін қуаттады. Бұдан бұрын АҚШ-тың «Блюмберг» агенттігі: «Ресей Иранның С-400 зымырандық-қорғаныс жүйесін сатып алу ұсынысын қабылдамады»,- деп уәжденген болатын.