Америка біржақты санкцияларымен халықаралық қаржы жүйесін теріс пайдаланып отыр
ИИР-ның БҰҰ-ғы Еуропалық кеңсесіндегі елшісі әрі тұрақты өкілі Исмаил Бағаи БҰҰ-ның Сауда мен даму конференциясының (UNCTAD) 66-шы саммитында Американың тәуелсіз елдерге қарсы салған біржақты санкцияларын адамдардың бастапқы құқықтарын бұзу және тұрақты дамудың мақсаттарына қол жеткізу үшін ұжымдық талпыныстарға қайшы әрекет деп атады.
Бағаи сөзінің жалғасында Американың біржақты санкцияларға шектен тыс жүгінуін бұл елдің халықаралық қаржы жүйесін теріс пайдалану деп атады.
Құрама штаттарының экономикалық санкцияларды пайдалануға деген ынтасына қайшы санкциялардың шынайы әсерлері экономистер тарапынан күдік-күмәнмен бетпе-бет келіп отыр.
HAFBAUER-SCHOTT ELLIOTT жасаған зерттеулерге сәйкес, салынған 103 санкцияның 69 жайты, басқаша айтқанда 67 пайызы сәтсіз болған.
Экономикалық санкциялар салынған елге зиян келтіргенімен санкция салушы елдерге де ауыр шығын келтіреді. Мәселен, Американың санкциялары алғашқы кезекте сол елдің мұнай компанияларына қатты әсер етті. Есептер Американың Иран мен Ливия және Сирияға салған санкцияларының Американың өзіне жылына 7 млрд шығын келтіретінін көрсетеді. Бұл АҚШ-та 200 000 жұмыс орнының жойылуына себеп болады.
Санкциялар тіршілік ету құқығына қатер төндіріп, азық-түлік пен тиімді мамандыққа ие болу құқықтары мен өмірдің негізгі стандарттарын шектеп, тағдырды анықтау құқығына түйткіл тудырып, санитарлық және тамақтану режимдерін әлсіретіп, даму жолында кедергі қалыптастырады.
Әлемдік парламентаралық одақ президенті Габриэла Куэвас Баррон ИРНА-ға берген сұхбатта Американың әлемдегі біржақты шараларына тоқталып, қысым мен санкциялардың қарапайым адамдардың өміріне соққы келтіретінін қуаттап: «Санкциялар сұхбаттардың кеңеюіне кедергі болумен қатар, бейбітшілік пен тұрақтылыққа жету мақсатындағы мүмкіндіктер мен әлеуеттерді пайдалану үшін де кедергі тудырады» деді.
Америка осындай заңсыз әрекеттердің алдыңғы қатарында тұр. Осы ел өткен жылдардың бәрінде өзінің талаптарын таңу мақсатында сауда санкцияларына жүгіну, инвестиция ағымдарына қиындық тудыру, активтерді бұғаттау, басқа елдерге сапарға тыйым салу бойынша ешбір талпыныстан аянып қалған жоқ.
Өзін әлемдік алпауыт санайтын Америка барлық халықаралық құқықтарды бұзып отыр. Мәселен, 1984 жылдан бері 27-ден астам әртүрлі санкциялық режимді көптеген елге таңды. 2009-2015 жылдары жеті елде бірнеше банкке 13 млрд доллар көлемінде айыппұл салды.
Американың экономикалық санкцияларының келесі мақсаттарына өзі нысанаға алған елде экономикалық қысым жасау арқылы тұрақсыздық тудыру деп атауға болады.
Санциялар тарихы қаржы және сауда салаларына зиян келтіргенін, бірақ, олардың саяси жетістіктерінің көңіл аударарлықтай болмағанын көрсетеді.