Ресей Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу саласындағы ұрандары мен әрекеттерінің қайшылығын сынады
(last modified Sat, 06 Jul 2019 12:25:51 GMT )
Шіл 06, 2019 18:25 Asia/Almaty
  • Ресей Еуропаның

Еуроодақ пен еуропалық үштікті құрайтын Германия, Франция және Ұлыбритания 4+1 тобының еуропалық мүшелері ретінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажеттілігін қуаттап, тіпті бұл мақсатқа жету үшін механизмдердің ойластырылғаны туралы уәжденді. Аалйда еуропалықтардың сөздері мен әрекеттері бір-бірлеріне қайшы келуде.

Бұл салада Ресей Сыртқы істер министрлігі жұма, 5 шілде күні өз мәлімдемесінде: "Ұлыбританияның Гибралтар жағалауында ирандық танкерді тұтқындауы еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажет деген сөздеріне қайшы әрекет болды.  Лондон мен Вашингтон және басқа батыс ойыншылар Иран арасындағы қайшылықтарды азайту жолдарды іздеудін орнына, жағдайды одан сайын нашаралатуға талпынуда. Гибралтар жағалауында  ирандық  танкерді тұтқындаудын мақсаты Иран мен Сирияның жағдайын шиеленістіру болды",- деп мәлімдеді.

Британия теңіз күштері 4 шілдеде Гибралтар жағалауында Иранның мұнай тасымалдайтын "Grace 1" танкерін заңсыз тұтқындады. Лондон бұл танкерді Еуроодақтың Сирияға қарсы енгізген санкцияларының бұзылуының алдын алу үшін тұтқындағаны туралы жариялағанымен, Гибралтар жөнінде Британиямен келіспейтін Испания үкіметі Лондон үкіметі бұл әрекетті Вашингтонның бұйырығымен жасады деп санайды. Еуроодақтан шығуды көздеп отырған Ұлыбритания бұл заңсыз әрекетін АҚШ-тың стратегиялық серіктесі ретінде және Дональд Трампқа көбірек жағыну үшін жасады деген ой туады. Өйткені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан Сирияға мұнай саласында санкция енгізілмеді. Сондықтан Еуроодақтың өзінің бір мұшесі, яғни Ұлыбритания арқылы еуропалық емес мемлекеттің танкеріне қарсы санкция енгізуі толық халықаралық құқылар мен заңдарға қайшы болып табылады. Иран Сыртқы істер министрлігінің Батыс Еуропа Департаментінің басшысы танкердің халықаралық суларда болғанына тоқталып, Британия теңіз күштерінің әрекетін теңіз қарақшылығы деп атады.

Айта кететін жәйт, Ұлыбритания еуропалық үштікті құрайтын мемлекеттердің бірі ретінде үнемі басшыларының сөздері мен ортақ мәлімдемелерде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалғысы келетіні туралы жариялап, Иранмен қаржы қарым-қатынас орнату үшін ойластырылған INSTEX механизімін қолдады. Бұл механизмнің құрылуының мақсаты 2018 жылдың 8 мамырында Трамп үкіметінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен содан соң сол жылдың тамызы мен қарашасында Иранға қарсы АҚШ-тың біржақты санкцияларын енгізуіне қарсы тұру болды. Бұл санкциялардың ішінде маңыздысы Иранның мұнайына санкция енгізілу болды. Осы кезде Вашингтонның Теһранға қарсы санкцияларына қарсы тұруы туралы уәжденетін Лондон ирандық танкерді тұтқындап, АҚШ-тың Иранның мұнай экспортының алдын алу мақсатын қолдады. Әрине бұл әрекет "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының нығаюына әкелмейді, керісінше аталмыш келісімді сақтап қалу туралы уәжденуші еуропалық тараптын соққысы саналады.

 

Тегтер