Еуропа кеңесінің төрағасы Кеңес Одағының ыдырауын Еуропа үшін оң оқиға болғанын қуаттады
(last modified Sat, 13 Jul 2019 13:30:44 GMT )
Шіл 13, 2019 19:30 Asia/Almaty
  • Еуропа кеңесінің төрағасы Кеңес Одағының ыдырауын  Еуропа үшін оң оқиға болғанын қуаттады

Еуроопа кеңесінің төрағасы Дональд Туск Кеңес Одағының ыдырауын Еурродақ үшін маңызды әрі оң оқиға болғанын қуаттады.

Дональд Туск еуропалық "Шығыс серіктестігі" жобаның іске асырылуының 10 жылдығына байланысты Грузияның Батуми қаласында сөйлеген сөзінде: "Кеңес Одағының ыдырауы Грузия, Польша, сондай-ақ орталық және шығыс еуропалық мемлекеттер үшін жақсы оқиға болды",- деді. Ал 2005 жылы Ресей Президенті Владимир Путин Кеңес Одағының ыдырауы ғасырдың ең үлкен геополитикалық апаты деп бағалаған болатын. ИРАС ұйымы мен Теһрандағы шәһид Бехешти атындағы университеттің зерттеу орталығының семинарында Ресей, Кавказ және Орталық Азия мәселелер маманы Юлия Зотова 2016 жылдың қараша айындағы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Ресейдің геополитикалық өзгерістері туралы сөзінде: "Кеңес Одағы ыдыраған соң Ресей НАТО-ға жалғыз қарсы тұруға мәжбүр болды. Ресейдің Кеңес Одағының ыдырауынан көрген зияны бұл елдің екінші Дүниежүзілік соғыстан көрген зиянына тең болды. Ресей жерінің 1/4 бөлімінен және халқының жартысынан айырылды",- деді.

Кеңес Одағы ыдыраған соң АҚШ пен Еуроодақ Ресейдің шекараларына жақындап, бұл елге соққы беру мүмкіндіктерін арттырды. Негізінде Кеңес Одағы ыдыраған соң Батыс әртүрлі жолдарымен бір-бірінен бөлінген республикаларды өзіне қарай тартуға талпынды. Батыс бұл елдермен экономикалық қарым-қатынастар орнатып, олардың Ресейге деген экономикалық тәуелділігін жойғысы келді. Әскери тұрғыдан да Батыс үкіметтері республикалар мен НАТО-ның арасында қарым-қатынастар орнатып, Ресей арасындағы байланыстарын үзуге мәжбүрлегісі келді. Батыстың билеп-төстеуші үкіметтері өткен бірнеше жылда ең аз шығындарымен Кеңес Одағының бір-бірінен бөлінген республикаларында қайшылықтар тудырып, өз әсерлерін арттыра алды.  Сондай-ақ Ресейге қарсы НАТО-ның қоқан-лоққылары күнен күнге күшейді. Батыс үкіметтері кейбір республикаларды Ресейге қарсы қойып, бұл жағдайды  өздерінің ұлттық, саяси, экономикалық және әскери мүдделеріне пайдалана алды.