Трамп: Иран жаңа келісімнің жасалуын қалайды
Шіл 27, 2019 15:14 Asia/Almaty
АҚШ Президенті жұма күні кешке тағы да Иранның АҚШ-пен келіссөз жүргізуді қалайтынын айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп тілшілерге берген сұхбатында: "Иран Вашингтонмен келіссөз жүргізіп, жаңа бір келісімнің жасалуын қалайды, бірақ "ұйқышыл Джо Байденді" күтетін болар",-деді.
Трамп 16 шілдеде де АҚШ Министрлер кабинетінің отырысында ИИР басшыларының онымен сұхбаттасуды қалайтынын айтқан болатын.
Өткен жылы Вашингтон бірнеше жылдық келіссөздердің нәтижесі саналатын "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз түрде шығып, ядролық санкцияларды қайтаратынын жариялаған жағдайда Трамп пен Ақ үйдің жоғары басшылары ұдайы Иранмен келіссөз жайлы сөз қозғауда.
Тегтер